«Аллаһ – барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсені Сақтаушы» 2 , –
деп келеді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) қолымнан ұстап: «Аллаһ топырақты сенбі күні жаратты, тауларды жексенбі күні жаратты, ал ағаштарды дүйсенбі күні жаратты, жағымсыз нәрселерді (зарарлы нәрселер:
аурулар, жаралар т.с.с.)
сейсенбі күні жаратты, ал жарықты сәрсенбі күні жаратты, жануарларды бейсенбі күні жаратты, ал Адамды (аләйһис-сәләм)
жұма күні аср (уақытынан)
кейін жаратты. Ол – жұма (күнінің)
соңғы сағаттарының бірінде аср мен түннің арасында жаратылған ең соңғы жаратылыс» , – деді» 3 , – деген.
Аллаһ тағала Адамды (аләйһис-сәләм) жаратудың алдында
періштелерді жаратты. Аллаһ тағала олар туралы көптеген
аяттарында:
«Аспандар мен жердегі әрбіреу Оның иелігінде. Оның құзырындағылар (періштелер)
Оған құлшылық етуге астамсынбайды әрі одан жалықпайды. Олар түнде және күндіз шаршамай (Аллаһты барлық кемшіліктен)
пәк деп дәріптейді» 4 ;
1
Махлуқ – араб сөзі. Мағынасы: жаратылған (табиғат, адам, жан-
жануар, зат т.б.) дегенді білдіреді.
2
«Зумәр» сүресі, 62-аят.
3
Хадисті Муслим мен Ахмад жеткізген.
4
«Әнбия» сүресі, 19-20 аяттар.
17
«Барлық мақтау аспандар мен жерді жасап жаратқан, екі, үш және төрт қанатты періштелерді елшілер еткен Аллаһқа