Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет120/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Әбу Талиб дүниеден өткенше 
құрайыштардың маған қолы жеткен емес»
, – деп айтқан
1

Осыдан үш күннен кейін Хадиша (Аллаһ оған разы болсын) 
дүние салды. Ол – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алғашқы сүйікті 
жары, әлемдегі ең жақсы әйелдердің бірі және жаннаттағы 
әйелдердің ханымы.
Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінің бірінде: 
«Жаннаттың ең 
жақсы әйелдері: Мәриям Имранқызы 
(Исаның анасы)
мен 
Хадиша Хуайлидқызы»
2
десе, тағы бір хадисінде: 
«Көптеген ер 
кісілер кемелдікке жеткен. Ал әйелдерден төртеуі ғана 
кемелдікке жетті: перғауынның әйелі Әсия, Мәриям 
Имранқызы, 
Хадиша 
Хуайлидқызы 
және 
Фатима 
Мұхаммедқызы»
3
, – деген. 
Хадиша мен Әбу Талиб дүние салған жыл тарихта «қайғы 
жылы» деп аталды. Бұл оқиға Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүрегін 
қатты қынжылтты. Сол уақытта оны жұбату үшін және оған 
қиындықтан соң жеңілдік, қайғыдан соң қуаныш келерін 
ескертіп, осы сүре түсті. Сондай-ақ ол сүре хабарлар мен 
сабақтарға және ғажайып ғибраттарға толы. Негізінен, Құрандағы 
өзге пайғамбарлардың қай-қайсысының болсын қиссасы біркелкі 
тәсілде емес, бірнеше сүрелерде бөлек-бөлек баяндалған. 
1
Хадисті Ибн әл-Әсир жеткізген. 
2
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен. 
3
Хадисті Ибн Исхақ жеткізген. 


137
 
 
Мысалы, Мұсаның қиссасын алып қарасақ, ол жетпіс үш орында 
бөлек-бөлек баяндалған. Ал Юсуф пайғамбардың қиссасы 
Аллаһтың кітабында бір жерде жинақталып келген. Бұл қиссаның 
бір орында топталып келуі жайында әл-Қуртуби: «Аллаһ тағала 
Құранда пайғамбарлар қиссасын баян етіп, оларды түрлі 
әдістермен, шешендік өнерінің әр қилы дәрежелеріндегі түрлі 
сөздер және сөз тіркестерімен бір мазмұнда қайталап отырған», – 
дейді.
Мысалы, Ибраһимнің қиссасына қарасақ, оған періштелер 
келген кезді Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет