Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет19/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
жатып, ол тағамға қарай ұмтылды, жұмақтың жемістеріне 
асықты. Аллаһ тағаланың 
«Адамзат асыққыш болып 
жаратылды»
1
деуінің мәні – осы. 
Адам періштелерден құрметті әрі білімді еді 
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ оған 
көктер мен жердегі барлық нәрселердің атауын үйретті»
, – 
деген. 
Бұл – жануар, ал анау – теңіз, мынау – құс, мынау – тау деген 
сияқты. Аллаһтың үйретуімен Адам барлық нәрсенің атауын 
білді. Аллаһ тағала оған, сонымен қатар барлық еңбек өнерін: от 
жағуды, ағашты, темірді т.с.с. пайдалануды үйретті. Аллаһ оның 
бейнесін ғана емес, сондай-ақ білімін, ақыл-есін де өте жоғары 
дәрежеде сомдады. 
«Ол 
(Аллаһ)
Адамға барлық 
(нәрселердің)
 
аттарын үйретті де, сонан соң соларды періштелерге 
көрсетіп: «Шындықты айтқан болсаңдар, Маған осы 
нәрселердің аттарын айтып беріңдер», – деді»
2

Аллаһ тағала мұнымен Адамның олардан құрметті әрі білімді 
екенін білдірді. Адамның осындай артықшылықтарын паш ету 
мақсатында Аллаһ періштелерге Адамға сәжде етуді бұйырды.
«Сонда періштелер 
(Аллаһқа)

 – Сен Пәксің! Бізде Сенің үйреткеніңнен басқа білім жоқ. 
Расында, Сен – толық Білуші, өте Данасың, – деді. 
(Аллаһ тағала)
:
 – Ей, Адам! Оларға мыналардың аттарын айтып бер, – 
деді. Сонда 
(Адам)
оларға ол 
(заттардың)
аттарын айтып 
бергенде, 
(Аллаһ)
:
1
«Әнбия» сүресі, 37-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 31-аят. 


25
 
 
 – Мен сендерге аспандар мен жердің құпиясын білемін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет