Сонда жаннаттан бір есік ашылып,
(Мұса)
оған назар салды.
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл – Менің оған дайындағаным», –
деді. Мұса: «Уа, Раббым! Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер
(мүмін)
жаратқан кезіңнен Қиямет күніне дейін екі қолсыз, екі
аяқсыз бетімен жер сырған болса да, барар жері осы болса, еш
бақытсыздық көрмейді», – деді. Сосын
(Мұса)
: «Уа, Раббым!
Кәпір пендеңе дүниеде кеңшілік берілген», – деді. Сонда
тозақтан бір есік ашылып,
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл –
Менің оған дайындағаным», – деді.
(Мұса)
: «Уа, Раббым!
Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер
(кәпір)
жаратқан кезіңнен
Қиямет күніне дейін дүниеге ие болса да, барар жері осы
болса, еш игілік көрмейді», – деді»
2
;
«Мұса: «Уа, Раббым! Сені зікір етіп, Өзіңе дұға қылатын
бір нәрсе үйрет», – деген.
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса!
«Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді.
(Мұса)
: «Уа,
Раббым! Пенделеріңнің бәрі осыны айтады», – деді.
(Аллаһ
тағала тағы да)
: «Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді.
(Мұса)
: «Мен өзіме ғана арналған бір нәрсе қалаймын», – деді.
(Сонда Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Жеті қат көктер мен
жерлердің тұрғындары таразының бір басында тұрып, екінші
басына «Аллаһтан өзге құдай жоқ»
(деген сөз)
қойылса,
«Аллаһтан өзге құдай жоқ»
(деген сөз)
басып кетер еді», –
Достарыңызбен бөлісу: |