«Мұхаммед сендерден ер адамдардың ешбірінің әкесі болмады. Бірақ ол Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы» 1 , – деген.
Аллаһ алдыңғы діндердің барлығын мансұқ етіп
2
, күшін
жойып, Өз алдында тек пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) діні
– Исламды ғана қабыл қылды. Мұхаммед (с.а.с.) келгеннен кейін
жаннатқа тек соның жолын ұстанып қана кіру мүмкін. Ол –
пайғамбарлардың ең құрметтісі, оның үмбеті – үмбеттердің ең
жақсысы, ал шариғаты – ең кемел шариғат. Аллаһ тағала:
«Кім Исламнан өзге бір дін іздесе, әсте одан қабылданбайды да, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» 3 , – дейді.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)
пен ант етемін, осы үмбеттен қайсыбір яһуди яки христиан мен туралы естіп, мен жіберілгенге иман келтірмей дүниеден өтсе, тозақылардан болады» , – деген
4
.
Өзге
пайғамбарлар
өз
қауымына
ғана
жіберілсе,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүкіл адамзатқа жолданды. Аллаһ тағала:
1
«Ахзаб» сүресі, 40-аят.
2
Мансұқ ету – үкімін жою деген сөз.
3
«Әлі Имран» сүресі, 85-аят.
4
Хадисті Муслим жеткізген.
291
«Біз сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп барлық адамдарға жібердік» 1 , – дейді және осы мағыналас
аяттар өте көп.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
« (Өзге)
пайғамбарлардан алты нәрсе арқылы артық етілдім: маған қысқа сөйлеп, көп мағына беру