36
ұлына
(Қабылға барады)
. Өйткені ол – кісі өлтірудің негізін
салған алғашқы
(адам)
»
, – деген
1
.
Яғни Қиямет күніне дейін әрбір кісі өлтірушінің күнәсінің бір
бөлігін Қабыл көтереді. Бұл – оның Әбілді өлтіргенінің ғана емес,
бәлкім, кісі өлтіруді алғаш бастап берген әрекетінің жазасы.
Кімде-кім бір жаман істі бастап, оны адамдар арасында әдетке,
ғұрыпқа айналдырса, ол өз күнәсінен бөлек Қиямет күніне дейін
оны істеген кісілердің де күнәларының бір бөлігін арқалайды.
Қабыл Әбілді өлтірген соң әкесі Адамға көрінгісі келмей,
әйелін алып, жазық далаға қашып кетті. Ал Адам балаларымен
таудың етегінде тұратын. Сөйтіп, ол Адамнан алшақ күн кешті.
Қабылдан ұрпақ тарап, олардың арасында бұзық іс-әрекеттер
туындады. Дегенмен олар бір Аллаһқа ғибадат ететін. Алайда
араларында Аллаһтың әміріне қарсы келу, Адамның шариғатына
бойсұнбау т.с.с. келеңсіз жайттар белең алып тұрды. Адам
ұрпағы осылай бір-бірінен бөлек екі қоғамға бөлінді.
Адамның дүние салуы
Өмір жалғасып жатты. Адам мың жыл ғұмыр кешті. Оның
өмір-жасы туралы Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: