Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет62/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
САЛИХ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Самуд қауымы 
Күндер өте адамзатты ешқашан тыныш қоймайтын лағынет 
Ібілістің азғыруымен адамдар қайта күпірлікке бет бұрды. Сол 
уақытта тағы бір ұлы пайғамбар келді. Ол Салих еді. Салих – 
арабтан шыққан пайғамбар. Оның ата-тегі: Салих ибн Ғубайд ибн 
Мәсих ибн Ғубайд ибн Хадир ибн Самуд ибн Асир ибн Ирам ибн 
Сам ибн Нұх болып өрбиді. 
Салих самуд тайпасынан шықты. Ал самудтар ол кезеңде 
Хижр деп аталатын жерді мекендейтін. Құран Кәрімдегі бір 
сүренің аты осылай аталады. «Һуд», «Хижр» және «Ахқаф» 
сүрелерінде осы қауымдар және оларға қатысты уақиғалар 
туралы әңгімеленеді. Құран Кәрімде бұл жөнінде:
«Расында, 
хижрлықтар 
пайғамбарларды 
жалғанға 
шығарды. Біз оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда 
олар одан бет бұрды. Олар таулардан биік үйлер үңгіп 
алатын еді»
1
, – делінген. 
Олар өздеріне таулардан үй жасады. Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ жазықтарда жартастарды ойған самуд 
еліне...»
2

«Сондай-ақ ад және самуд 
(елі)
. Сендерге олардың 
мекендері анық болды»
3
, – дейді. 
Құранда олардың тауларды қалай қашап үйлер соққаны 
баяндалған. Бұл – керемет шеберлік пен үлкен күш-қуаттың 
белгісі. Аллаһ тағала: 
«Естеріңе алыңдар! Сол уақытта Адтан кейін сендерді 
олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. 
1
«Хижр» сүресі, 80-82 аяттар. 
2
«Фәжр» сүресі, 9-аят. 
3
«Анкабут» сүресі, 38-аят. 


72
 
 
Жазықтарынан сарайлар тұрғызып, тауларды үңгіп үйлер 
жасайтын едіңдер. Сондықтан Аллаһтың нығметтерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет