Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет7/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
пайғамбар келген. Себебі Аллаһ тағала: 
«Ішінде ескертуші 
өтпеген ешбір халық жоқ»
1
, – деген. 
Пайғамбарлардың өзге адамдардан ерек-шелігі 
1. Оларға Аллаһ тағаланың адамзатқа арнаған жолдауларын 
жеткізу міндеті жүктелді. 
2. Аллаһ тағала оларға бұл жолдауды періштелер арқылы 
жіберді немесе тікелей дәнекерсіз тілдесті. Сондай-ақ олардың 
көрген түстері де уахи болып табылады. 
3. Аллаһ тағала оларды күнәлардан сақтаған. 
4. Аллаһ тағала оларды мұғжиза-кереметтермен қуаттады. 
5. Аллаһ тағала олардың дұға-тілектерін қабыл еткен. 
6. Олардың жандары өздерінің рұқсатымен алынған. 
7. Олар жан тапсырған орындарына жерленген. 
Пайғамбарларға берілген мұғжизалар 
Мұғжиза
– Аллаһ тағала тек пайғамбарларына берген, басқа 
адамдардың қолдарынан келмейтін ерекше іс-әрекеттер. 
Адамдардың пайғамбарларды жалғаншылардан ажыратуы үшін 
олардың әрқайсысы өзіне тән мұғжизамен жіберілген. Мәселен: 
Самуд елінде жартас жарылып, одан түйе шыққан, Мұсаның 
(аләйһис-сәләм) аса таяғы жыланға айналған, Исаның (аләйһис-
сәләм) адамдарға үйлерінде не жеп, нені сақтап қоятынын 
хабарлайтын, өлікті тірілтетін т.с.с. мұғжизалары болған.
Мұғжизаның өзіндік шарттары бар. Ол – табиғи 
заңдылықтарға бағынбайтын әдеттен тыс құбылыс. Сондай-ақ 
пайғамбар мұғжизасының ұқсасын келтіруде басқаларды 
бәсекеге шақыра алуы және қарсы жақтың қойған талабына сай 
1
«Фатыр» сүресі, 24-аят. 


11
 
 
болуы қажет. Бұған мысал ретінде: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
айды екіге бөлу оқиғасын айтуға болады. 
Пайғамбарлардың жіберілуіндегі дана-лық 
1. Пайғамбарларды Аллаһ тағала адамдарды шынайы 
ғибадатқа лайықты Жаратушысымен таныстырып, ешқандай 
серігі жоқ жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін 
жіберді. 
2. Оларға адамзатты жаннатпен сүйіншілеп, тозақтан 
сақтандыру іспетті асыл міндеттер жүктелді. 
3. Оларды адамдарға дұрыс құлшылық пен жақсы мінез-
құлықта өнеге болу үшін жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет