110
Өлім келсе, Аллаһтың айтқандарын, періштелер мен қабірге
қатысты жағдайларды және Ақырет күніне қатысты хабарларды
көзбен көресің.
Демек, Ибраһим анық білу деңгейінен анық көзбен көру
деңгейіне өтуді қалады. Сонда Аллаһ тағала:
«Төрт құсты алып, оларды өзіңе жина. Сосын әр тауға
олардан бір бөлшек қой»
1
, – деді.
Яғни төрт құсты алып оларды сой. Сосын оларды бөлшектеп,
бір-бірімен араластыр. Сонан соң олардың етінің, қаны мен
қауырсындарының қоспасын төртке бөліп, төрт тауға апарып қой,
деді. Және бір деректерде Ибраһим құстардың басын өзінде алып
қалды делінген.
Іс жүзінде де ол құстарды сойып, оларды бөлшектеді.
Олардың бөлшектерін араластырып, төрт тауға бөліп қойды.
Аллаһ тағала:
«Содан соң оларды шақыр. Олар саған жетіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: