Реферат тақырыбы: Жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалған үстеулер Орындаған: Амалбекова Ақжүніс Қабылдаған



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата11.10.2023
өлшемі263,53 Kb.
#184706
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалған үстеулер

Негізгі бөлім 
Тілдегі әрбір лексикалық единица белгілі бір сөз таптарына 
жатады, олардың өзіндік табиғаты, ерекшеліктері мен қасиеттері 
болады. Тілдік единица сөйлемдегі қызметіне байланысты топ 
құрып, білдіретін мағынасына байланысты сараланады. 
Тілдің дамуы барысында белгілі бір сөз таптарына тән 
лексикалық единицалар сөйлеу тілі, жазба тіл, ғылым тілінің 
өркендеп дамуына яғни, қолданылу аясының кеңеюіне байланысты 
бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып, жаңа тұлға жаңа мағына 
ретінде танылып, жалпы тілдің дамуына сөздік құрамның баюына 
әсер етеді. Мұндай тілдік құбылыстар тіл жүйесінің лексикалық 
единицалармен толығып, оның грамматикалық құрылысының 
күрделенуіне септігін тигізбей қоймайды. 
Сөз таптарының мұндай құбылмалылық қасиеті барлық 
құрылымдарға тән. Белгілі бір сөз өзінің бастапқы қолданылу 
аясынан шығып, жаңа сөз қолданысқа, жаңа қызметке ие болуы 
тарихи жалғаспалы құбылыс. Яғни, сөз өзінің бастапқы төл 
мағынасын өзгертіп, жаңа сөз табына тән мағынаға ие болады. Жаңа 
мағына жаңа лексика–грамматикалық сипатқа ие болған сөз өзінің 
бастапқы қасиетінен арылып, жаңа сөз табының ерекшелігіне сай 
қолданысқа түседі. Жаңа сөз табының барлық қасиетін бойына 
сіңіреді. Дегенмен, пайда болған сөз бен оның әуелгі мағынасының 
арасында байланыс үзілмейді. Сөз тудырушы түпкі мағына, бас 
тұлға одан да басқа тілдік құрылымдарды жасауға қатыса береді. 
Әрбір пайда болған жаңа тұлға өзіндік ерекшеліктерімен, соны 
қасиеттерімен сипатталады. Сөз пайда болады, онда жаңа мағына 
бар, сол мағынаға сай қолданылу аясы белгілі. Тілдегі осындай 
құбылыстар сөз таптарының арасында сан ғасырлық тарихымен әлі 
күнге дейін толассыз қалыптасу, даму үстінде. Ерте пайда болған сөз 
таптары тіл жүйесінде кейіннен қалыптасып келе жатқан жаңа сөз 
табының өсіп өнуіне ықпал етеді. Жаңа сөз табы өзге сөз 
таптарының негізінде даму процесіне ие болады. Түрлі 
лексемалармен толығады. Қалыптасқан жаңа сөз табы тіл дамуында 
өзге сөз таптарымен қарым–қатынасқа түсіп, жүйелі даму сатысына 
ие болады. Кейіннен пайда болған сөз табы мен ерте пайда болған 
сөз таптарының арасында жалғаспалы лексикалық алмасулар 
жүреді. Мұндай тілдік единицалардың бір –біріне өтуі, жалпы сөз 
таптарының дербестікке ие болуына, сөз табы ретінде 


оқшаулануына септігін тигізеді. Тілдегі болатын осындай тілдік 
құбылыстар нәтижесінде жалпы халықтық тіл байиды, әдеби тіл 
нормалары қалыптасады, ғылым тілі нақтыланып, жүйелене түседі. 
Сөз таптары арасындағы өзара байланыс – тілдің жүйелілігін 
көрсетеді. Байланыстың нәтижесінде пайда болатын алуан түрлі 
процестер белгілі бір іс -әрекеттің жүзеге асуына ықпал етеді. 
Сөз таптарының пайда болу, қалыптасу белгілері тілдегі түрлі 
құбылыстар нәтижесінде іске асатын процесс. Яғни, конверсиялық 
жолмен пайда болған жаңа сөз табының единицасы үстеулер 
қатарына ауысу барысында әр түрлі тілдік деңгейде тұрады. 
Біріншіден, ауысушы тұлға өзінің түбір күйіндегі сипатын сақтап, 
ешбір сөз түрлендіру жүйесіне енбестен, синтаксистік күшті 
ықпалмен өзге сөз табы қатарына өтеді. Екіншіден, есім сөздер 
белгілі септік жалғауларында тұрып, түрленуші қасиеттен алшақтап, 
сөйлем ішіндегі қызметіне байланысты ұзақ мерзімді тарихи 
қалыптасу негізінде формалары көнеленіп барып үстеу ретінде 
танылады. Үшіншіден, етістік сөздер көсемше формаларымен 
көнеленіп, өзінің бастапқы мағыналық сипатынан алшақтай отырып, 
етістікпен жуықтасып, функциялық жақтан тұрақты пысықтауыш 
ретінде қолданылып барып ауысады. Жалпы морфологиялық, 
лексикалық тәсілдер көмегімен ауысқан мұндай сөздердің 
құрылымдары да алуан түрлі болып келеді. Синтаксистік тәсілмен 
жасалған тұлғаларды айтпағанның өзінде тек таза морфология–
семантикалық жолмен ауысқан сөздердің жасалуы түрліше. Белгілі 
бір қосымшалар түбірмен сіңісіп, оның ажырамас бөлігі ретінде 
сақталса, енді бірі мүлдем тарихи тұрғыдан бөлшектеуге келмейтін 
дәрежеге жеткен. Қайсыбір сөздерді қазіргі тілдік тұрғыдан түбір 
мен қосымшаға ажыратуға болады. 
Түркі тілдеріндегі үстеулер тарихи құрамы жағынан екі сипатта 
кездесіп отырады. Олар туынды және түбір үстеулер. Лингвистер 
түркі тіліндегі түбір үстеулерге қазіргі тіл тұрғысынан түбір мен 
қосымшаға ажыратуға келмейтін ерте, енді, алға, артқа, тез, бірге, 
ары, бері, кері, жоғары т.б. негіздерді жатқызады. Туынды үстеулер 
түрлі септік және етістік формаларында қалыптасып, дамыған: 
жоғарыда, әзірше, бекерге, т.б. Оларды жеке морфемаларға ажырату 
әлдеқайда жеңіл болады. Яғни, үстеулерді дәл осылай бөлу олардың 
тарихи даму процесі мен құрылымын анықтау үшін қолайлы. 


Үстеулердің қалыптасуына сөз таптары грамматикалық 
формаларының әсері мол. Қазіргі тілде қолданылып әрбір негіз 
үстеулердің құрамында зат есімнің септік жалғаулары кездеседі. 
Тіл–тілде белгілі болғандай, септік формалары сөз тудырушы 
қасиетке ие емес. Олардың қызметі тек сөз түрлендіру, 
грамматикалық мағына үстеу, сөздердің байланысу, берілу қызметін 
ұлғайту болып саналады. Тіл тарихынан белгілі септік формалары 
неге жаңа сөз жасауға, жаңа мағына қалыптастыруға бейім болады. 
Ол формалардың сөз түрлендіруші қасиеті, қызметі неге 
жоғалғандығына жауап беру күрделі мәселе. Десек те, мұндай 
сұраулы мәселелерге жауап іздестіруге болады. Көп жағдайда түркі 
тілдерінде септік формаларын қабылдап, конверсиялық жолмен 
сөздің өзге сөз таптарына өтуі белгілі сөз тұлғаларының мағыналық 
ерекшеліктерімен байланысты болады. Қазіргі тілімізден белгілі 
мекендік, мезгілдік зат есімдер септік формаларымен лексикаланып, 
мағыналық жақтан көнеленуі, функциялық тұрғыдан пысықтауыш 
болуы нәтижесінде үстеулер қатарына өтіп отырған. Яғни, сол септік 
жалғауын қабылдаған сөздің өзінің семантикалық бейімділігінің 
болуы шарт. 
Қазақ тілінде сөз таптарының бір–біріне ауысуын барлық сөз 
таптарының құрамынан дерлік кездестіруге болады. Десек те, өзге 
сөз таптарына қарағанда, басқа сөз таптарынан ауысып келген 
сөздер, әсіресе үстеулердің, есімдіктердің, шылаулардың құрамында 
өте мол. Себебі, аталмыш сөз таптары өзге лексика – грамматикалық 
категорияларға қарағанда кеш қалыптасқан, «жас» сөз таптары 
болып табылады. Ал, тілде жаңадан пайда болған сөз таптары 
тыңнан емес, тілде бұрыннан бар, ертеден келе жатқан сөз 
таптарының негізінде жасалатындығы белгілі. Мысалы, тілдегі 
үстеулердің о баста зат есім, сын есім және етістік сөз таптарының 
негізінде қалыптасатындығы қазіргі тіл білімінде әбден 
айқындалған, дәлелденген жайт. Басқа сөз таптарынан ауысып 
келген сөздер, сондай–ақ есімдіктер мен шылаулардың өз алдарына 
бола, жеке грамматикалық топ болып қалыптасуларында зор роль 
атқарған. Есімдіктер де өзінің тарихи даму барысында басқа сөз 
таптарынан сөз қабылдату арқылы өз өрістерін кеңейтіп отырған. 
Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі белгісіздік есімдіктері болып 
саналатын бір, біреу сөздері сан есімдердің есімдікке айналуы 
арқылы жасалса, «түк», «дым» деген болымсыз мәнді есімдіктер, А. 
Ибатовтың түсіндіруі бойынша, әуел баста зат есімдер болған, кейін 


бұлар «сөйлеу қажетіне сай, қолданылу ретіне қарай, өзіне тән 
реальдық мағыналарын осалдату негізінде есімдік мәніне көшкен». 
Осы сияқты үстеулер де басқа сөз таптарынан ауысып келгені 
белгілі. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан әр алуан. 
Демек, үстеулер, негізінде өзге сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер 
арқылы ауысып келген сөздер болғандықтан, құрамындағы сөздер 
де ала – құла болып тұрады. Атап айтсақ, көнеленген септік тұлғалы 
үстеулер әр қилы сөз таптарынан (зат есім, сан есім, сын есім, 
есімдік, етістік, үстеу,шылау) жасалады. Демек, барлық негізгі сөз 
таптарынан ауысып құралған сөздер. 
Жас ғалым Е. Саурықов: «Адвербиалдану процесінің негізгі 
ұйытқысы болып табылатын жекелеген сөз таптары. Адвербиалдану 
яғни, өзге сөз таптарының үстеулер қатарына өтуі басқа тілдік 
құбылыстар сияқты белгілі бір заңдылықтар мен тілдік нормаларға 
сүйенеді. Жоғарыда атап айтқандай әрбір сөз табының үстеулер 
қатарына өтуге бейім единицалары бар. Сол тілдік единицалардың 
үстеулерге айналуына белгілі мөлшерде грамматикалық формалар 
ықпал етеді. Мысалы, мезгілдік және мекендік мағыналары бар зат 
есімдер, сапалық сын есімдер, сұрау және сілтеу есімдіктері, кейбір 
сан есімдер мен көсемшелер» дейді де мынадай кестемен көрсетеді. 
Бұл әрине жалпы үстеулердің қай сөз таптарынан жасалғанын 
көрсететін кесте. Енді аталмыш көнеленген септік жалғаулы 
үстеулердің қай сөз таптарынан ауысып келгеніне назар аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет