Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет10/115
Дата17.10.2023
өлшемі3,45 Mb.
#186180
түріСборник задач
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
ПИЗА ДАЙЫНДЫ0 ТАПСЫРМАЛАРЫ қазақша (1)

 
20-
тапсырма.
Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады?
Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.
 
21-
тапсырма.
Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей 
мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су 
құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?
22-
тапсырма.
Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы 
жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен 
кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда 
болады.
Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі: 
1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Иә/жоқ. 
2. 
«Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып 
отырған жағдайда. Иә/жоқ. 
23-
тапсырма.
Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда 
өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен? 
 
 
 


13 
 
24-
тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа
 
7-
сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа
Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің 
жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің 
құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу жолы:
-
кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;
-
қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау 
барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);
-
қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына 
қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);
-
жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа 
белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.
Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет