15
Үміткерден не талап етіледі? Оқушыларалмасумен шұғылданатын әртүрлі
ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы
үміткерлердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының
қасиетіне нақты талаптар қояды. Әдетте
жас шамасы
15-тен 18-ге дейін. Оқушы
негізгі мектепті
(9-сынып) немесе 10-сыныпты бітіруі талап етіледі.
Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда,
қазіргі кезде,
үлгерім
шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда «орташа
үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме
өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп
жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа
өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек.
Тілді білу
жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан
арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап
етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға
баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде
үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен
қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша жеңіл-жеплі сөйлесе алуы
ескеріледі.
Жақсы денсаулық
міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға
ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушы болмайтыныңыздың себебі
де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын
лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы
тиіс.
Барлық ұйымдар оқушының
Достарыңызбен бөлісу: