62
Мақалада ... зерттеудің кейбір нәтижелері жинақталған.
... ойы дәлелденді.
Аннотация құрылымы.
Аннотация келесі негізгі бөлімдерді қамтиды:
•
өзектілік,
•
қойылған мәселе,
•
оны шешу жолдары,
•
нәтиже,
•
қорытынды.
Әр бөлімге бір немесе екі сөйлемнен келеді.
Аңдатпада мақаланың (баяндаманың) негізгі ойларын (бөлімдерін) анықтап, біріктіріп,
қысқаша
түрде көрсету қажет.
- Мақала (баяндама) .... (зерттеу тақырыбы немесе негізгі зерттеу мәселесіне) арналған.
- Осындай тәсілдердің негізінде немесе осындай деректерді (немесе екеуін де) талдау негізінде, автор
... көрсетеді (нақты айтатын болсақ, автордың ойлары мен зерттеуі арқасында қандай нәтижеге жетті).
- Автор ... деп санайды (мақалада келтірілген соңғы қорытындылар немесе ұсыныстар туралы).
Аннотация жазуда келесі мәселелерге назар аударған жөн:
Сөз шегі. Аңдатпа жазуда сөздің белгіленген шегін сақтауыңыз керек.
Негізгі ойдың түсініктілігі. Аңдатпа белгілі бір білім саласындағы кең ауқымды мамандар үшін
қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Барлығы білетін, жалпы терминдерді қолдану ұсынылады.
Нақты деректердің болмауы. Аңдатпада артық мәліметтер мен нақты сандардан аулақ болу керек.
Түйінді сөздер. Авторлардан жұмыстың түйінді сөздерін көрсету сұралады. Бұл іздеу жүйелері мен
мақалаларды тақырып бойынша санаттарға бөлу үшін жасалады. Автор іздеу жүйелері арқылы
мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін қажетті түйінді сөздердің санын көрсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: