2.2. Қазақстандағы
мүгедектігі бар
адамдарды қамтитын
заңнамалар
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар адамдар мен балаларды
әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі 2000
жылдардың басында қабылданған бірнеше
негізгі заңдарға, бұйрықтарға, кодекстерге
және қаулыларға негізделеді. Осы кезеңде
қабылданған неғұрлым маңызды заңдар
мен заңнамалық актілердің кейбіреулері
4-кірістірмеде келтірілген.
Мүгедектігі бар адамдардың/балалардың
құқықтарын регламенттейтін көптеген заңдар
соңғы екі онжылдықта бұл санаттағы адам-
дарды әлеуметтік қорғау үшін берік негізді
қамтамасыз етуге көмектесті. Бұған қоса, олар
мүгедектігі бар балалар мен олардың отба-
сылары тап болатын мәселелер мен ерекше
мұқтаждықтарға назар аудартуға да көмектесті.
Заңнамалық базаның негізгі мақсаты
мүгедектігі бар балаларға медициналық,
заңдық, әлеуметтік және экономикалық
қолдау көрсету болып табылады. «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары ту-
ралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II
ҚР Заңына сәйкес мүгедектігі бар балалар
дені сау балалармен тең өздерінің қадір-
қасиетін қамтамасыз ететін жағдайларда то-
лымды өмір сүру құқығына ие, білім алуға,
мамандық таңдауға, шығармашылық және
қоғамдық қызметке қатысуға, сондай-ақ
медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Мемлекет медициналық, құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық қызметтерден тұратын кешенді
қызмет ұсыну арқылы мүгедектігі бар балаларға
қолдау көрсетеді. Сөйтіп, мемлекеттік органдар
оларды оқыту, кәсіби дайындау және жұмысқа
орналастыру үшін тиісті мүмкіндіктермен
қамтамасыз етуге тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13
сәуірдегі № 39-III Қазақстан Республикасының
Заңы да мүгедектігі бар адамдардың дәл осы-
лай Конституцияда және басқа заңнамалық
актілерде бекітілген әлеуметтік-экономикалық
және жеке құқықтар мен бостандықтарға
толықтай ие екенін көрсетеді. Бұған қоса,
мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік және
басқа ұйымдарда бірінші кезекте қызметпен
Достарыңызбен бөлісу: |