Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
санайтын сияқты. Мүгедектігі бар балалардың
құқықтарын қорғауда әлі де кемшіліктер
болғанымен, олардың қажеттіліктерін құптау
артты, бұдан басқа, соңғы жылдарда осы
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ар-
найы қаржыландыру ұлғайды. Бір акушер соңғы
бірнеше жылда мүгедектігі бар балалардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған
құқықтық базаның недәуір жақсарғанын, атап
айтқанда, мемлекеттік қызметтер мүгедектігі
бар балаларды тіркеу және мониторингілеу
үшін құзыреттілікке ие болғанын атап көрсетті:
«Теледидардан өзінің мүгедектігі бар баласы-
нан қысылатын отбасы туралы әңгімеленетін
бағдарлама көрсетті, сондықтан бала сиыр
қорада өмір сүріпті. Бірақ бізде ондай
жағдайлар жоқ... Бізде бұл салаға қомақты
қаражат бөлінеді. Осылардың нәтижесінде
әрбір медициналық қызмет жеткізушісі үй-
үйді аралап, әр үй бойынша тізім құрады.
Әрбір медициналық қызмет жеткізушісі өз
учаскесінде қанша адам өмір сүретіні тура-
лы нақты дерек ала алады ... мүгедек бала
тіркеуге алынбаған бір де бір оқиға орын
алған жоқ». (Дәрігер; IN15).
Мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға көмек
көрсететін облыстық әкімшіліктің мүмкіндігі
мүгедектігі бар балаға байланысты стигма мен
табуды төмендетуде рөл атқарды. Алдыңғы
қатысушы атап көрсеткендей барлық сала-
ларда бюджеттік еркіндік бола бермесе де,
тұрақты монитрониг негізін қалай мүгедектігі
бар баланың әлеуметтік интеграциялануын
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: