5.2.1
1.
Үш экскатор бірігіп жұмысты 4 күнде бітіреді. Егер осы жұмысты бірінші экскаватор
24 күнде, ал екіншісі 8 күнде орындайтын болса, үшінші экскаватор жеке өзі неше күнде
орындайды?
2.
Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде
бітіреді. Екеуі біірлесіп осы жұмысты неше күнде бітіреді?
3.
Үйге қыстық отынды Олжас пен Мағжан 10 күнде, Мағжан мен Жандос 15 күнде, ал
Олжас пен Жандос 18 күнде дайындайды. Үйге қыстық отынды Олжас неше күнде,
Мағжан неше күнде, Жандос неше күнде дайындайды?
4.
Гүл сататын дүкенге әкелінген гүлдердің барлығынан гүл шоқтарын Зауре 40 минутта
жасайтын болса, Іңкәр 35 минутта жасайды. Олар бірлесіп гүл шоқтарын 14 минут
жасады да, қалған гүлдерден гүл шоқтарын Зәуре жасады. Қыздар барлық гүл шоқтарын
қанша уақыт жасады?
5.
Бір бөшке суды, егер ол бір өзі ішсе 14 күн ішеді, егер әйелімен екеуі ішсе 10 күн ішеді.
Осы бөшке суды егер әйелі ғана ішсе, неше күнде бітіреді?
6.
Цирк құрылысын құрылысшылардығ бірінші бригадасы 15 айда бітіретін болса, екінші
бригадасы оның
3
2
-іне тең уақытта бітіреді. Құрылысшылардың екі бригадасы бірлесіп
жұмыс істесе неше айда бітіреді?
5.2.2
1.
65 санының 40 % -ін табыңыз.
2.
40 саны өз квадратының неше пайызын құрайды?
3.
5 % -і 12-нің 40 % -іне тең санды табыңыз.
4.
850 оқушының 80 %-і спорттық үйірмелерге қатысады. Үйірмелерге
қатыспайтын оқушылар саны қандай?
5.
Жүгі бар ұшақ 2640 кг. Ондағы жүк 990 кг. Жүктің массасы ұшақтың
массасының неше проценті?
6.
Райхан 145 санын 60 %-ке арттырып, оның 25 %-ін есептеп тапты. Райхан
қандай санды есептеп тапты?
7.
Егістік алаңының 13% -ін жыртып шыққан кейін, жыртылмаған 174 га жер
қалды. Егістік алаңының толық ауданы қандай?
8.
Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тауып алды. Сабыр барлық
саңырауқұлақтардың 40 %-ін, Марат Сабырдың тапқанының 25 %-ін, ал Тимур
қалғанын тауып алды. Тимурдың қалғанын тауып алды. Тимурдың тауып алған
саңырауқұлақтар санын табыңыз.
9.
Саяхатшылар барлық жолдың 60 %ін жаяу жүріп, 15 %-ін автобуспен, ал
қалғанын кемемен жүріп өтті. Егер кемемен жүрген жол 28 км-ге тең болса, онда
барлық жүрілген жолдың ұзындығы қандай?
10.
Бірінші күні егістіктің алаңының 30 %-і жыртылды. Екінші күні қалған
ауданының 40 % жыртылғаннан кейін егістіктің 252 га ауданы қалды. Егістік
алаңының ауданы қандай?
11.
Тік төртбұрыштың ені 12 см және ол ұзындығының 40 %-ін құрайды. Тік
төртбұрыштың периметрін табыңыз.
12.
Саяхатшы бірінші күні маршруттың 40 %-ін, екінші күні қалғанының 45 %-
ін, осыдан кейін оған екінші күнге қарағанда 6 км артық өтетін жол қалды.
Маршруттың барлық ұзындығын табыңыз.
13.
Тауардың бастапқы құны 100 теңге болып, кейін 5 %-ға түсірілген және
біраздан тағы кемітілген. Тауардың соңғы бағасын табыңыз.
14.
Тауар бағасын алдымен 30 % -ға кемітіп, кейін оны тағы 30 %-ға көтерді.
Бастапқы тауар бағысы қанша пайызға өзгерді?
15.
Массасы 150 г, концентрациясы 40% ас содасы дайындалған. Оған қанша су
қосқанда концентрациясы 15% ас содасының ерітіндісі алынады?
16.
10 %-дық сіркесу қышқылы ерітіндісінің 2 литріне 8 л таза су қосу. Алынған
ерітіндегі сіркесу қышқылының пайыздық құрамын анықтаңыз.
17.
200 г 10 %-дық қант шәрбаты мен 300 г 20 %-дық қант шәрбатын
араластырды. Алынған қоспаның концентрациясы қандай?
18.
100 г ерітіндіде 1 % тұз бар. Буланғаннан кейін тұздың құрамы 2 % болды.
2 %-дық тұз ерітіндісінің массасын табыңыз.
19.
95 % пайыздық күкірт қышқылын алу үшін 50 г 80 %-дық күкірт
қышқылына 100 %-дық күкірт қышқылын қосу керек. Қосу керек болатын 100 %-
дық күкірт қышқылының массасын табыңыз.
20.
Түймедақ кептірген кезде массасының 84 %-ын жоғалтады. Құрғақ
түймедағының 8 кг алу үшін неше килограмм түймедақ жинау керек?
Достарыңызбен бөлісу: |