5.7. Сәулет өнері
Оқу мақсаттары
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын
меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
Сабақ мақсаттары
Тыңдалым материалы негізінде негізгі ақпаратты іріктей
алады.
Құндылықтарды дарыту
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Пәнаралық байланыс
Тарих
Бастапқы білім
Тыңдалым мәтінінен негізгі ақпаратты анықтайды.
Тірек сөздер
Рухани жаңғыру, бейнелеу өнері мұражайы, тарихи нысан
Сабақтың жүргізілу барысы
Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма.
Миға шабуыл
(сәулет өнері жайлы сұрақтар қойылады)
1.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы не
білесіздер?
2.
Еліміздегі бейнелеу өнері мұражайлары жайлы не білесіздер?
3.
Ағаштан жасалған модерн-классикалық стилінің элементтері бар ғимараттар
жайлы не айта аласыздар?
2-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, INSERT әдісі арқылы қажетті ақпаратты өзіңізге
түртіп алыңыздар да тыңдалым мәтінінің негізгі ақпаратын анықтаңыздар.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында
рухани құндылықтарымызды танытуға баса назар аударылған. Осы бағытта арна
тілшілері облысымыздың киелі, қасиетті, тарихи орындарын аралап бейнесюжеттер
әзірлеуде. Айталық көне ескерткіш болып табылатын қаламыздағы облыстық бейнелеу
өнері музейінің қалыптасуы мен бүгінгі тынысы да тілшілеріміздің назарынан тыс
қалмады.
Бейнелеу өнері музейі 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері
бөлімінің негізінде ашылған. Кейін қор 1989 жылы республикалық маңызы бар 19
ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші – көпес Юзефовичтің үйі болып табылатын мына
тарихи нысанға көшірілген. Ғимарат ағаштан жасалған, қасбетінде модерн-классикалық
стилінің элементтері бар. Бүгінгі таңда музей мемлекет қорғауына алынған
Достарыңызбен бөлісу: