«География»



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата26.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#188418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЖМ ТЖБ География ЖМБ 11 сынып каз төмендетілген

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан 
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу 
мақсаттарына жеткендігін тексереді. 
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-
сыныптарына арналған "География" пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасы. 
 
3. Күтілетін нәтижелер 
Біледі: 

географияның, 
геоинформатиканың, 
геоэкологияның, 
табиғатты 
пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын;

геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, 
саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін;

табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи 
проблемаларын;

геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; 

табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын;

табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және 
табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын;

халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын;

жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық 
құрылымының географиялық ерекшеліктерін;

жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың 
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек 
бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын;

дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын;

дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін;

мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін;

мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін;

Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық 
жағдайының ерекшеліктерін;

Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық 
географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын;

адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет