71
көрсетуге, басқа өрістерде жұмыс істеуге болады. Бұл жағдайда таңдалған
мәліметтермен бірге уақытша кестеде есептеу формуласының нәтижесі пайда
болады. Осылайша сұрау механизмі кестеде жоқ мүмкіндікті автоматты түрде
өтейді.
Сұраныстардың екінші үлкен класы - іс-қимыл сұранысы, нәтижесінде
қарапайым әдеттегі кесте пайда болады. Жоғарыда аталған сұрауда - кесте
үлгісі пайда болады, бірақ, ол компьютердің жедел жадысында ғана жұмыс
жасайды және сұраныс жұмысы аяқталған кезде жоғалып кетеді. Көп жағдайда
осы жеткілікті болады. Бірақ уақыт сайын өзге кестелердің мәліметіне
негізделген жаңа кесте құру қажет болады.
Сұраныстың үшінші түрі - өшіру сұранысы. Microsoft Access –те кестеге
енгізілген мәліметтер кәдімгі әдіспен өшірілмейтінін есте сақтаған жөн. Негізі
қолмен режимінде пайдаланушы бір немесе бірнеше жолды өшіре алады, бірақ
бұл біраз уақыт алады. «Счетчик» өріс түрінде мұндай өшіру барысында
жаңару жүрмейді, демек, процедура соңына дейін жүйелілік бұзылады.
Сондықтан жолдардың соңғы нөмірі шын жазба санын көрсетпейді. Мұндай
қиындықтар кестедегі жол санын тексеру арқылы тез шешіледі, бірақ
компьютерлік ресурс кейбір бөліктерін қабылдамайды. Осы әдіспен кестеден
бірдеңе өшіру қажет болған кезде өшіру сұранысын қолданған жөн. Қол
режимінен айырмашылығы автоматты өшіру счетчигі жаңарып, жұмыстар
жылдам жүре бастайды[4].
Достарыңызбен бөлісу: