109
бет нөмірі қолданылады. Күні бойынша MS Access – те ағымдағы жүйе екі
біріктірілген функция Date() и Now() қолданылады. Есептің ағымдағы күнін
белгілеу үшін, міндетті түрде байланыспаған өріс пен оның "Данные"
қасиеттерін мағынасымен орнатқан жөн =Date() (или Now()).
Бет нөмірін қосу үшін, есеп қасиетін қолданыңыз "Страница" (Page),
байланыспаған өріс арқылы және оның қасиеттерін орнатылуы "Данные"
"Страница" (Page) – ке тең болады[4].
Басты және бағынышты есептер
Бағынышты пішімнің басқа пішім енгізудің, бағынышты есепті(немесе
бағынышты пішім) басқа есепке қоюдың басқа да мүмкіндіктері бар.
Біріншіден бағынышты кестеге стандартты есеп құрыңыз.Есепті
«Бағынышты» атымен сақтаңыз.
Екіншіден басты кестеге арналған есеп құрыңыз.
Үшіншіден екі есепті біріктіріп, мәліметтер базасы терезесіне көшңіз. Бұл
есепті «Басты» деген атпен сақтаңыз.Нәтижесінде MS Access автоматты түрде
бағынышты есепке арналған басқарушы элементті орналастырады.
Белгілі мәліметтер моделінде MS Access автоматты түрде қатынас
негізінде екі кесте арасына байланыс орнатылады. Бұған конструктор есебінің
көмегімен көз жеткізуге болады.
Басқарушы элементтің қасиеттері MS Access белгілеп, "Подчиненные
поля" және "Основные поля" байланысқан өріс аттары енгізіледі. Бұл екі
қасиет арқылы басты және бағынышты кестелер арасында байланыс
орнатылады. Бұрын байланыспаған басты және бағыныңқы есептерді екі
кестеге біріктіргендегі қасиетін сіз өз бетіңізбен мағынасын анықтауыңыз
қажет.
Есепті көру барысында есептегі басқарушы элементтің орналасуында
оңай жойылатын кейбір кемшіліктер көрінеді. Мысалы, бағынышты есепте
жеке нөмірленген беттер мен тақырып бар.Бағынышты есеп басты есепке
енгізілген болсада, екі элемент те артық болып есептеледі. Тақырыпты , парақ
нөмірлерін және басқа енді қажет болмайтын басқарушы элеметтерді өшіріңіз.
Сонан соң кестедегі өріс тақырыбын беттің жоғарғы тақырыбы аумағынын есеп
тақырыбы аумағына көшіріңіз. Кейін өшіру аумағына келетін
Формат\тақырып таңдаңыз. Өзгерістерді сақтаңыз. Меңзер көрінбейінше басты
есептегі Конструктор режимінде бағынышты есепке арнап тінтуірмен
басқарушы элементті басыңыз. Одан соң [Enter] пернесін басыңыз, нәтижесінде
басты және бағынышты есептерінде орындалған MS Access өзгерістерді
ескереді[4].
Достарыңызбен бөлісу: