136
шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн
тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы.
Тілдегі көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және
құбылтудың түрлері кіреді. Солардың ішінде белсенді қолданысқа ие болғаны –
теңеу мен айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм,
риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу,
пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм,
перифраздар құбылту қатарына жатады. Осымен байланысты Д. Исабековтің
шығармаларымен таныса келе, автордың теңеуді көп қолданғанын көруге
болады. Автор заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не
құбылыспен салыстыра суреттеген.
Халық тілінде баяғыдан келе жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал,
мәтел, қанатты сөз, фразеологиялық тіркес т.б.) сан алуан сыры бар. Олай
болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін,
ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп
ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны тірі» сөздердің
таптырмас шоғыры алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдер құрамында
шегенделіп қалған.
Қорыта айтқанда, тіл дамуының әр кезеңінде ұлттық сөздік құрам көлемі
мен мөлшері әртүрлі деңгейде болады, нақтырақ айтсақ ол, бір жағынан, жаңа
ресурстармен толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. Мұны
бақылап, реттеп отыру мүмкін емес. Оны сол тұста жарыққа шыққан
дереккөздердің материалын сұрыптау арқылы анықтауға болады. Біз үшін
маңыздысы – осындай көркем туындыларда қолданылған тілдік деректер
арқылы оларда қатталып қалатын сол кезеңдегі тіл ұстанушының
сарасанасында нық орын тебетін ғаламның концептуалды бейнесін жаңғырту
мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген сәтте қаламгерлеріміздің
білімдер
жүйесіндегі
маңызды ақпараттың кілтін де иемденеміз. Демек, уақыт өткен
сайын ескірмей, көмескіленбей, қайта жарқырай түсетін сөз асылына жақындай
түсеміз. Бұл тұтас этнос ретінде өзімізді де тани түсуге септігін тигізеді.
Осындай ұрпақ пен ұрпақтың арасын уақыт өткен сайын жақындата түсетін
қасиет – адамзатқа берілген сандаған игіліктердің ішіндегі киелісі Сөзге
дарытылған! Заманымыздың біртуар тұлғасы А. Байтұрсынұлының «Сөзі
жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» деген даналығын
ескере отырып, сөз
зергерлерінің көркем туындыларын зерттеп, зерделеудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: