88
жаңалық ашуға болмайтыны байқалады. Демек, әрбір «мәтіннің семантикалық
кеңістігі – ұлттық дүниетанымның көрінісі. Кез келген көркем шығармада
автордың дүниетанымы мен ішкі болмысы көрінеді деген уәжді мойындасақ,
онда, әрине, мәтіннің де ішкі мәндік құрылымындағы менталдықты жоққа
шығармаймыз. Мәтіннің семантикалық кеңістігінде
ұлттық білім мен білік
жинақталған, оның мазмұнындағы менталдық кеңістікті өзіндік ерекшелігі
ретінде бағалау қажет. Жалпы адамзаттық мәселені көтеру – мәтіннің мәнін
анықтаса, ұлттық негіз бен ұлттық болмысты таныту мазмұнда көрініс табады»
[64, 251 б.] деген ғалым А.Салқынбайдың мәтінтанудағы пікірі айтар
ойымызды толығымен аша түскендей. Мәтін түзуші автордың сан салалы
қиялына, ұлттық дүниетанымына шек жоқ. Десек те,
оны қабылдаушы
оқырманның да дүниетанымы, білімі, мәдениеті соған сай болғаны абзал.
Себебі автор мен оқырман арасында сәтті диалогтің болуы үшін автор
оқырманның тілдік білімімен, ұлттық танымымен, жалпы өмірге, әлемге деген
түсінігімен санасқан жағдайда шығарманың мәтіні шынайылыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: