I
V I тарау
HEM IC КЛАССИКАЛЫ Қ Ф И ЛО СОФ И ЯСЫ
(Қ. Мүхамбетәли)
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым
Иммануил К ант (1724-1804 ж.) бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негіз-
гі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық
ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін», т.б.
Әдетте Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп
қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан
пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлес емес,
жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден,
қозғалыс - материяның өзіне тэн тартылыс жэне серпіліс сияқгы қарама-қарсы
күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбы-
лыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады.
Екінші-
ден, осы күштердің әсерінен эртүрлі элемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан
шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Сөйтіп,
элем ылғи да даму үстінде болады. Үшіншіден, элем құрылымына енетін үлкен-
ді-кіпіілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне
кішігірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге кі-
реді, сөйтіп, шексіз кете береді. Демек, элемдегі денелер жүйесі өзара эмбебаптық
байланыста болады. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс,
әдептілік жэне дін туралы мәселелерін
қарастырмастан бұрын, адамның танып-
білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тэжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ
олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері (феномендері)
туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр.
Осы секілді деректерде
ьшғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге толық білім берілмейді
(қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін). Мүндай білімдер
жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен, апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы
әмбебаптық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай
болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел
бастан-ақ адам санасында
198
I