Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Крзац, философиясы кэлыптасуының тарихи ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет236/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Крзац, философиясы кэлыптасуының тарихи ерекшеліктері
265
Бабамыз «арыс» деген сөзді аузынан тастамайды екен. Мұньт төңірегіндегі көр- 
көкірек уэзірлеріне ренжігенде айтса керек. Майқы бабамыз өзінің алдына дү- 
ниедегі ғақылды оқымысты адамдардың айтқандарын тізіп қойып, соны күнде 
маңайындағыларға жеткізіп, сіңіріп отырған. Бір күні Сүлеймен пайғамбар жө- 
нінде, оның әйелінің құс сүйегінен салынған үйде тұргым келеді дегені жайында 
эңгіме болғанда, Майқы би баба ол әңгімеден біздің бабамыздың - Арыстың айт- 
қаны күштірек деген екен. «О, қалай?» - деген уәзірлерге: «Біздің бабамыз Арыс 
өлі көп пе, тірі көп пе?» деген сұраққа: «Кеме үстіндегілерді қай жағына қосса, сол 
жағы көп болады. Өйткені кеме үстіндегі адам өлімнен төрт-ақ елі жырақ түрады 
ғой», - деп кері жауап беріпті. Яғни кеменің еденіндегі «тақтай төрт-ақ елі».
Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис Скифский дегеніміз 
- осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы F. Есімнің дәлелдемелері көңілге қонарлық.
«Біріншіден, - дейді ол, - Майқы бабамыздың айтуынша, Анарыс - ел би- 
леу жолдарын айтқан гүлама. Анахарсис - Сақ патшасы Қадуйдің інісі. Ол Афи- 
ныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский -
ел басқару жүйесінде реформа жасаған эйгілі саясаткер, сондықтан Анарыстың 
ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды. Екіншіден, Анарыстың «өлі көп 
пе, тірі көп пе?» деген сүраққа кері жауап бергені философия тарихынан белгілі. 
Д. Лаэртцкийдің аталған кітабында ол туралы былай делінеді: «На вопрос ко­
го больше, живых или мертвых, он переспросил: «а кем считать плывущих?». 
Анарыс айтты деген сөзбен Анахарсистің айтқаны дэлме-дэл келіп отыр. Бұл -
екеуінің бір адам екенінің тағы бір дәлелі.
Үшіншіден, Майқы Анарысты қайдан біледі деген ой келеді. Анахарсис
б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген. Майқы би б.д.д. I ғасырдың басында дүние кешкен. 
Араларында 600 жыл тарихи уақыт. Бүл мерзімде элі Анахарсис есімі ел жадында 
сақталған, ұмытылмаған. Төртіншіден, Анарысты Майқының бабам дейтіні - үй- 
сіндердің сақ тайпаларынан таралғанынына тағы бір дәлел болса керек. Үйсін- 
дер туралы Геродот тарихында айтылған. Анахарсисті де тарихқа түсірген көне 
авторлардың бірі Геродот, ал Майқы би оның тарихын білмеді деуге негіз жоқ. 
Тіптен Геродот «Тарихын» білмей-ақ қойсын делік, Геродот скифтерге қатыс- 
ты кітабын көбіне ел аузындағы әңгіме, аңыздардан құрастырған гой. Ал осы 
жайларды, оқиғаларды Майқы би өте жетік меңгерген.
Аты аңызга айналған дала данышпанының, Анарыстың нақты өмірбаяны 
іуралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметтері бойынша, ол шамамен 
біздің дэуірімізге дейінгі 594 жылы, «архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетін- 
ші Олимпияда өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Осы күннен бастап Солон- 
ды үйіне іздеп келіп, өмір бойы дос болып өтіпті. Геродоттың айтуы бойынша, 
«Анахарсис - скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың 
баласы».
Ал тарих атасы Геродот Анахарсисті: «Қара теңіздің солтүстік жағалауын- 
дағы скиф тайпаларынан шықкан, жастайынан өнер-білімге құмар, Элладаның 
тілін үйреніп өскен, әскери өнерден де тағылым алган, скифтердің эдет-ғұрпьш 
ете жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам», - деп жазды65.
65 Есім Ғ Анахарсис // ҚР ¥Ғ А хабарлары. Қ оғамды қ ғылымдар сериясы. - 1993. - № 36. - 30-31-6.


266


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет