Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Акдш-жыраулар философиясы



Pdf көрінісі
бет250/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Акдш-жыраулар философиясы
2 7 9
Жақсылардьщ малы жоқ -
Жамандар малыменен теңелер! -
деп өзінің өмір сүрген заманына наразьшығын білдірсе, сол Бұқар заманының, жы- 
рау наразылығьшың бүгінгі заманымызға дэп келіп отырғанына қайран қаламыз.
Бұқар заманның мұндай аумалы-төкпелі болып келуін занды қубылыс деп 
санайды. Заманның аумалы-төкпелі болғанын, саналы ой емес, санасыздықтың 
бел алып бара жатқандығын, адам болмысының азып, танымының тусылып бара 
жатқанын, біріншіден, қынжылып, наразылықпен жырласа, екіншіден, өткенге 
өксіп қарамай, ескіні аңсамай, болашаққа да назар салмай, өз тұсындағы заманның 
мән-мағынасын түсінуге ғана тырысьш, өзіндік танымы жеткен құбылысты жал- 
пы халыққа да таныту бар. Жырау дүниеде мэңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір 
күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетеді. Мундай өзгерістер 
тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта табиғатта да жүріп жатады.
Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Кел суалмас демеңіз.
Құрсаты кұшақ байлардан,
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байта теңеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз...
Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз...
Осы толғаудьщ өзінен жыраудың өмірге, өзін қоршаған ортаға деген фило- 
софиялық көзқарасы айқьш аңғарылады. Көзқарас — білімнің толықтырылған, 
қорытылған, күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжау- 
дан туындайды. Бұқар қарапайым тілмен емес, белгілі бір табиғат құбылысының 
нақты көрінісімен, оны дұрыс қорытындылай отыра адам санасына тттынайы 
дүниені бейнелеп жеткізеді. Бейнелі тіл, саналы ойдың жемісі, міне, осы турғыдан 
қарағанда Бұқардың болмысы ойшыл, философ, азамат ақын екендігіне көз 
жеткіземіз. Бұқардың ақындық қуаты, саясаты, азаматтығы, қазақ тарихындағы 
үлкен іс атқарған ірі тұлғалардың бірі екендігін аңғартады.
Қорыта айтар болсақ, қазақ ақын-жырауларының шығармалары, тпыньтдя да 
терең мағыналы философиялық ойларға толы. Жоғарыда атап өткен жыраулармен 
қатар, Доспамбет, Марғасқа, Үмбетей жырау жэне Шал ақын, т.б. көзқарастарын, 
дүниетанымдарына тоқталып өтуге болатын да еді, бірақ бұл мәселені шешу 
арнаулы зерттеулерді керек етеді.
Жалпы, қазақ ақын-жырауларының шығармалары төл мұраларымыздың бай 
қазынасы болып, зар заман ақындарының поэзиясы мен әлеуметтік философия- 
сывда өз рухани үндестігін тапты. Қазақ халқының әдебиеті мен мэдениетінде, 
тарихы мен өнерінде «ақтандақ» тустар өте көп. Осындай халық жадында жүрген, 
көптен бері айтылмай, ашылмай жүрген «ақтандақтардың» бірі - зар заман поэ­
зиясы, оның өкілдерінің әлеуметтік-дүниетанымдық көзқарастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет