Драб тілді ислам философиясы 75 «харам» болып саналады және оған «сопылықтың» саласын «фиқһтың» басқарып
отыратындығын мысалға келтіреді. Алайда үнемі ашқарақтана сәттілік сұрай
беруге дс болмайды, барлығының «алтын ортасын» іздеп тауып, тепе-теңдікті
сакдауымыз қажет. Осындай қарапайым ақиқатты түсіне алмайтын сопылар тура
жолдан тайған «фанаттар» (ар. «мутатаррифун») болып саналады.
«Махаббат» шарты («махаббат»). Бұл сопылардың жететін ең жоғарғы
шарты деп санайды Әбу Хамид, Алланың қалауы мен құлының қалауы бір жер
дей тоғысқанда жэне құлының рухы максималды шарықтау шегіне жеткен-
де махаббатқа қол жеткізеді. «Махаббаттан кейін» басқа шарт жоқ деп жазады
«Ислам қағидалары», - басқа барлық шарттар «қуштарлық» (ар. «шауқ»), «ұнату»
(ар. «у’нс») немесе «көңілі толу» (ар. «рида») секілділер тек «махаббаттың»
арқасында болуы мүмкін.
Әл-Ғазали өзінің діни мәтіндермен жасалған этика философиясының сәт-
ті «қолданушысы» болды. Этикалық мэселелерді талқылауда аяттар мен хадис-
терді мысалға келтіру арқылы әл-Ғазали неоплатондық философияда этикалық
рухтағы өзінің идеяларын алға тартады. Сонымен қатар эл-Fазали шығармалары-
ның жүйелігі мен логикалық деңгейі жағынан ғазалилік деңгейге жетіп, көтері-
ле алмаған заманауи сопылардың (мысалы, Рагиб әл-Исфахани) кітаптарынан да
қажетті мәліметтерін алады.
Әл-Ғазали этика философиясы мен діни-сопылық философияны жүйслі
эрі анық жэне бір уақытта терең стильді қолдана отырып, екеуін біріктіреді жэ
не этика философы ретінде барлық орта ғасырдағы Шығыс мұсылмандарының
арасында жоғарғы атаққа ие болады.
Ислам ойшылдарының арасынан маңызды орын мағыналығы жағынан ибн
Синаның ықпалынан кем түспей, әлемдік философияның дамуына өз ықпалын
жасаған философ Әбу Хамид Мұхаммет әл-Ғазалиге тиесілі. Әл-Ғазали Джунейд
әл-Бағдади, Рабиа мен Шибли идеяларынан көрініс тапқан ерте ислам сопылы-
ғының рухани құндылығын исламның дәстүрлі және консервативті элеумет-
тік-құқықтық аспектілерімен (сол уақытта «Фиқһ» ғылымыньщ бір түрі ретінде
қалыптасып үлгерген) біріктіре алған мықты теоретик болды. Философиямен
айналысу оған «Сопылық» метафизикасының терең философиялық санасына
негізделуге мүмкіндік берді. Негізінен алғанда, эл-Ғазали исламдық мәдени-фи-
лософиялық қайнар көздер - Құран мен сүннет жэне ірі ислам пайғамбарлары-
ның өсиеттеріне сүйене отырып, Құран философиясының негізін қалаушы бо
лып табылады. Оның барлық еңбектерінің ортақ кілті болып исламның орталық
идеясы - қатаң бірқұдайылық, қүдіретгі Алладан басқа ешқандай болмысты
мойындамау болып саналады. Сонымен қоса эл-F азали өз дэуірінің мұ-
сылмандарына гнозис мәселесіне дұрыс ойланьш-толғанудың нэтижесінде қадам
жасау керектігін жэне «махаббатқа» ие болу, күнәларды кешіру («Ибахият» ағы-
мы) секілді ойларға шырмалып, өзінің замандас-сопылары жіберіп алған күнде-
лікті діни тэжірибедегі әлсіздікке жол бермеу керек екендігін тағы бір рет көр-
сетіп кетті. Ол бір уақытта замандастары мен ізін басушы шәкірттеріне «гно
зис» (ар. «м’арифет»), болмыстың «құпия аспектілерін ашу» (ар. «мукашафат»),
«махаббат» (ар. Аллаға деген «махаббат») секілді үғымдар ислам мәдениетінің
ажырамас бір бөлігі екендігін түсіндіруге тырысты.