Практикалық сабақтың жоспары:
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың
негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б.
ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
Мақсаты:
Нарық туралы ұғымды оның элементтері, қызметтері, принциптері,
түрлері арқылы кеңірек ашу. Нарықтық тепе-теңдікке жету тетіктерін қарастыру. Ол үшін
тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
Нарық: мәні, элементтері, жіктелімдері, қызметтері, принциптері;
Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым;
Сұраныс: мәні, заңы, факторлары, қисығы;
Ұсыныс: мәні, заңы, факторлары, қисығы;
Нарықтық тепе-теңдік: тепе-теңдік баға, тепе-теңдік көлем, тапшылық,
артықшылық;
Икемділік: мәні, көрсеткіштері, түрлері.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты:
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру
үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту
үшін төмендегідей ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1.
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2.
Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3.
Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму кезеңдері; Қазақстанда
инфрақұрылым түрлерінің қазіргі даму жағдайы; Нарықтық тепе-теңдіктің негізгі үлгілері;
Тұтынушының таңдауы және оған әсер ететін факторлар; Пайдалылық және шекті
пайдалылық теориясы; Икемділіктің тәжірибелік маңызы.
4.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1)
Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
2)
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму кезеңдері мен бағыттары.
5.
Достарыңызбен бөлісу: |