14
Практикалық сабақтың жоспары:
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың
негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б.
ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
Мақсаты:
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін, нысанын, әдістерін,
қызметтерін және тарихын талқылай отырып, бұл пәнді не үшін оқу керектігін түсіну және
оның қазіргі экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1.
Экономикалық теорияның зерттеу пәні, объектісі, субъектісі және әдістері;
2.
Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар;
3.
Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасу
кезеңдері;
4.
Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты:
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру
үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту
үшін экономикалық теорияның негізгі талдау ерекшеліктерін төмендегідей ұсынылатын
тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізу.
1.
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
Достарыңызбен бөлісу: