1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет90/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Негізгі ұғымдар
макроэкономика, макроэкономикалық талдау, агрегаттау, 
макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім
таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну 
қоржыны, атаулы жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б. 
 
Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, 
құралдары, талдау ерекшеліктері 
Экономикадағы 
негізгі 
зерттелетін 
мәселелер 
микроэкономикалық және 
макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың 
осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет- кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының 
иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы 
және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс 
болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» 
атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық алдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға 
мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі. 
Макроэкономика 
– бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, 
ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын 
және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін 
экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі. 
Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың 
жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық 


74 
талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық 
саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні 
қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа 
ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау 
тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен 
шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет