1 Карипова М. Р


Төлем балансы және валюта бағамы



Pdf көрінісі
бет157/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

 
Төлем балансы және валюта бағамы 
Валюта 
– бұл халықаралық есептеулерде қолданылатын ақша құралдары. 
Валюталық жүйе деп халықаралық есептесу құралдарын қолданудың саясаты 
мен тәжірибесін айтады. Адамзат баласының даму тарихында валюта жүйесінің бірнеше 
түрлері орын алды. Соларға тоқталып өтейік. 
1.
 
Алтын стандарт (1879-1934 ж.). 
Валютаның бұл жүйесі үшін алтын 
монеталарды еркін басып шығару және оларды айналымға жіберу, банкнота-ларды 
алтынға (құймаларға және монеталарға) айырбастау құбылыстары тән болды. Алтынды 
сыртқа шығаруға және оны сырттан әкелуге рұқсат етілді. Айналымдағы ақшаның саны 
ресми алтын қорымен анықталып отырды. Ал алтынның бағасы тіркелген болып табылды. 
Алтын стандарт жүйесі ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, төлем 
балансының жағдайын автоматты түрде реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіру үшін біз мынадай 
мысал келтіреміз. Айталық, АҚШ пен Англияның төлем балансында тапшылық орын алды. 
Американдықтар Англиядан тауарларды көп импорттады, ал өзі сол елге тауарларды аз 
экспорт- тады. Бұл жағдайда төлем балансының тапшылығы алтынмен жабылады. АҚШ 
елінен алтын сыртқа ағылады. Бұл елде ақшаның саны азаяды. Төлем қабілеттілігі бар 
сұраныс азайып бағалар да төмендейді. Бұл дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Дұрыс, өйткені 
АҚШ төмен бағамен өз тауарларын экспорттау қабілеттілігін жақсартады. Ал шетелден 
тауарларды импорттау шектеледі, себебі алтынның Англияға көптеп келуі сол елде 
ақшаның санын көбейтеді. Англияда бағалар өседі, тауарларды экспорттау қиындатылады. 
Алтын стандарт жүйесі төлем балансының жағдайын осылайша автоматты түрде реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің осындай артықшылығы бола тұра, оның кемшілігі ретінде 
мемлекеттің араласуын шектеу қарастырылады. Ішкі экономикалық даму төлем балансы 
жағдайына толық бағынышты, яғни сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді болып 
табылады. 
Бұл жүйе тек алтын бар болғанда ғана жұмыс істейді. Егер қандай да бір ел алтынды 
өндірмесе немесе оны сыртқа жіберіп алса, онда сол ел алтын стандарт жүйесіне 
қатысудан шет қалады. 
Сонымен, алтын стандарт жүйесі бір жағынан, ақша айналысының тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді және инфляциялық құбылысты болдырмайды, ал екінші жағынан, 
экономиканы әлемдік нарыққа тәуелді етеді, ішкі экономикалық саясатта таңдау еркіндігін 
шектейді. Бұл жүйенің жағымды жақтарын қалдырып, теріс жақтарын жою үшін алтын 
девиздік жүйе немесе бреттон-вудтық валюта жүйесі пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет