Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе
– орталықтандырыл- ған жоспарлауға,
өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген
қатынастар.
Сипатты белгілері:
-
өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
-
экономиканы орталықтан жоспарлау;
-
өндірушілердің монополиялануы;
-
ресурстардың орталықтандырылған қоры.
-
ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
Нарықтық экономикалық жүйе
– жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін
бәсекелестікке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
-
өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
-
кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
-
шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
-
шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
-
өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік, бұл ешкім нақты
экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
Аралас экономикалық жүйе
– нарықтық тетіктер мен экономиканы
мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.
Сипатты белгілері:
-
әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;
-
көптүрлі меншіктің болуы;
-
күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;
-
мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады. 3. Өнеркәсіптік
төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің
даму деңгейі бойынша:
Индустриалдыққа дейінгі жүйе
– қол еңбегіне негізделген натуралдық
шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.
Индустриалдық жүйе
– тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты
ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
Постиндустриалдық жүйе
–
басты саласы – экономикалық- өндірістік емес
(қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |