1 Карипова М. Р


Практикалық сабақтың жоспары



Pdf көрінісі
бет71/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Практикалық сабақтың жоспары: 
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың 
негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. 
ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс. 
Мақсаты: 
фирма және кәсіпкерлік ұғымдарын, Қазақстандағы кәсіпкерліктің 
қазіргі даму жағдайларын талқылау. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша 
мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 
Фирма теориясы және оның негізгі бағыттары; 
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-эконо- микалық нысандары; 
Капитал айналымы. Толық айналым және ауыспалы айналым. Инвестициялар; 
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы. 
 
Студенттің өзіндік жұмыстары 
Мақсаты: 
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру 
үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар тақырыпты толық меңгеріп бекіту 
үшін төмендегідей ұсынылатын тапсырмаларды орындау. 
1.
 
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий). 
2.
 
Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру. 
3.
 
Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары: 
Фирма теориясы және оның үлгілері; 
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуы; 
Инвестиция және оның түрлері; Инновация және оның түрлері; 
Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары. 
4.
 
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): 
1)
Франчайзинг және венчурлік бизнес. 
2)
Кәсіпкерлік тәуекел және оның түрлері. 
5.
 
Есептер: 
1.
Акционерлік қоғамның (АҚ) инвестициялық қоржынында келесі акциялар бар. 
А серіктестігінде – 3 акция, В серіктестігінде – 2 акция және С серіктестігінде – 5 акция 
бар, бәрі бірдей курстық құндылықта. Инвестициялық қоржынның құны қалай өзгереді, 
егер А серіктестігінде акция курсы 18%-ға, В серіктестігінде – 16%-ға көбейсе және С 
серіктестігінде – 15%-ға төмендесе? 
2.
Фирманың иесі құны 1 млн. теңге тұратын станок сатып алуға шешім қабылдады. 
Өнімді өткізу шығыны 800 мың теңгені құрғанда, сатудан түскен түсім 2 млн. теңгеге 
жетеді. Анықтау керек: 
1)
жоба бойынша күтілетін таза пайданы; 
2)
күтілетін таза пайда мөлшерін; 
3)
несиеге станок сатып алудағы несие ставкасын: 
а) 15% және ә) 25% алуды қажетті немесе қажетті еместігін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет