Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет18/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   182
Ақмола уезі 
1822 жылы Сібір губернияларының басқармасы құрылып, ол Батыс және 
Шығыс деген екі бөлімге жіктелді. Батыс Сібірдің құрамына Тобыл, Том, 
Омбы облыстары кірді. Орталығы 1839 жылға дейін Тобыл қаласында, ал 
1839 жылдан – Омбыда болды. Басқарма құрылғаннан кейін бір айдан соң, 
қазақ даласындағы хандық жүйені жою мақсатын көздеген басқарудың жаңа 
жүйесі – «Сібір қазақтарының Жарғысы» жарық көрді. Жарғы бойынша, Омбы 
облысы ішкі және сыртқы округтарға бөлінді. 1822-1838 жылдар аралығында
7 округ ұйымдастырылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, 
Құсмұрын, Көкпекті. Округті әкімшілік, полиция және сот шоғырланған 


53
«приказ» атты құрылым басқарды. Приказдың басшылығы аға сұлтаннан және 
төрт заседательден құралды. Заседательдердің екеуі губернатор тағайындаған 
орыстардан, қалған екеуі болыс-старшындар екі жылға сайлаған қазақтардан 
тұратын еді. Сұлтандардың жиынында 3 жылға аға сұлтан сайланатын және 
ол бірден майор шенін алатын. Егер аға сұлтан қызметін дұрыс атқара алса, 
дворян дипломын алуға үміткер болатын. Округтер 15-20 болыстан тұратын. 
Басқарушылары әдетте сұлтандар болды, бірақ қажетті кездерде қарадан да 
сайланып жүрді. Олардың негізгі міндеттері – приказдың бұйрықтарын және 
сот үкімдерін орындау болды. Әрбір болыс 10-12 ауылдан, әр ауыл 50-70 
шаңырақтан құралды.
Жаңаарқа жері 1824 жылы ашылған Қарқаралы округіне жататын. Бұл 
округке қарасты 18 болыстың ішінде ұрпақтары Қарағашты қоныстаған 
Қарпық, Алтай, Алсай, Найман болыстары болды. Алсайлықтар ол кезде жеке 
болысқа шоғырланған болатын және сол жылдардағы санақ бойынша 2343 
еркек, 3124 әйелден тұратын 781 шаңырақ, 14 ауылды құрады. Басқарушысы 
би Бәйеш Есенгелдин болды. 1839 жылғы архив құжаттары бойынша, Қарпық 
рулар бірлестігі тінәлі-қарпық (болыс билеушісі – сұлтан майор Арыслан 
Құдаймендин), тоқа-қарпық (сұлтан Бек Құдаймендин), айтқожа-қарпық 
(би Сапақ Тәңірбергенов) болыстарынан тұратын. Тама болысын би Қылыш 
Итемгенов, алшын-жағалбайлыны – би Ертай Алтыбаев басқаратын.
1832 жылы 22 тамызда Ақмола округі ашылды, ал 1838 жылы Омбы 
облысы таратылып, Сібір қазақтарын билеудің жаңа жүйесі–Шекаралық 
басқарма ұйымдастырылды. Осы жылдан бастап, ауылдардан салықтың 
«жасақ» деген түрі жиналды. Оның мөлшері: 200 жылқыдан, 150 сиырдан, 
150 қойдан бір-бір бастан болды. Аттың құны ол кездерде – 35, өгіздікі – 20, 
қойдікі – 2 теңгеге бағаланатын.
Айтқожа-қарпық болысын 1832 жылдан бастап, Сапақ Тәңірбергенов 
биледі, бірақ ол 1838 жылы Кенесарыға қосылып, ауылдарымен көшіп кетті. 
Осы жылы Кенесары көтерілісіне белсене қатысып, үдере көшкен тоқа-
қарпық болысы да ыдырап кетті. Жеке болыс болудан қалып, айтқожа-қарпық 
болысының құрамына енді. Тоқа-қарпық болысының ауылдарымен қосылып, 
іріленген айтқожа-қарпық болысын 1839 жылдан бастап, би Бабас Тайғарин 
басқарды. 1841 жылғы деректер бойынша, 10 ауыл, 620 шаңырақтан тұратын 
бұл болыстықтың жаз жайлауы Қарағашта, Есіл, Өлеңті, Шортанды өзендері, 
Сарыоба, Шыбынды көлдері, Көкпекті, Нұра, Құланөтпес өзендері, Шідерті, 
Мойылды, Өлеңті, Құндызды өзендерінің бойларында, Жаманшұбар, Бабатай, 
Қоңырадыр, Қызылжар, Қарғалы, Жамантөбе, Саумалкөлде болса, қыстауы 
Нұра өзенімен Көбетейден Балықты-Баятарға дейін және Шошқалы, Амантау 
мекендерінде болды. Жайлауы мен қыстауларының аралығы 350-400 шақырым 
жерді алып жатты. Бабастың өзі приказдан 240 шақырым қашықтықта, жаз 


54
айларында Нұра, Соқыр, Құндызды, Есіл өзендерінің бойымен көшіп жүрді. 
Қыстауы Қозыкөш, Бозайғыр, Шұбарда, Құматалы өзенінің аңғарында болды.
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары Қарағаштағы Аймысық-Көккөз жерлері 
сұлтан Бек Құдаймендиннің қыстауы болды. Жаз айларында Қарағашқа 
Кіші жүз елінің болыстары Ханкелді Бөріұлы мен Қылыш Итемгенұлының 
ауылдары жайлауға көшіп келіп жүрді.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ортаудың терістігінен басқа жерлерін 
«Енең тоқасы» руының қазақтары иемденді. Бұл оқиға болыс басқарушысы 
Ескене ұлы Құлыбектің тұсында орын алған. Ор, Аба тауларын Ескене, 
Досқана аталары, осы таулар мен Керегетастың аралығын Үшқоңыр, Балапан, 
Айту аталары, Кенеліден Көктіңкөліне қарай Күшікбай аталары мекендеген. 
Жыланды тауы мен Алтай Сарыобасынан Айса және Ақадырға қарай 
Жантүгелдер, Өспен тұсын Естемес руы, қазіргі 17,18,32 разъездер маңайын 
Жетімектер қоныстанған. 43,56 разъездер, Әлихан және Батық, Нарбақы 
аралығын Айту, Бәрдәлі аталары, Ақойға қарай Жантүгелдер, Ақойдан төмен 
Кенжеқара руымен жапсарлас Қарнақтар, Шотан төңірегін Бәйтерек атасы 
қоныстанған. Күйлі адыр, Өкірген, Молқы бұйратынан Шотанға қарай Молқы 
руы жайлаған. Қарашоқыны – Тәсібек, Құлантөбені – Сеңгір, Жақсы Кенеліні 
– Сәмек, Көктінкөлінің сағаларын: үшінші Ащыкөлді – Әйдінбек, екінші 
Ащыкөлді – руы Жетімек Найман, Жаман Кенеліні – Мұстафа иемденген. 
Аталған адамдардың бәрі де Бесім Тоқасының беделді ел ағалары болған. 
Алғашқы төртеуі – Күшікбай ұрпағы. Осы жағдайға дейін олар ағайын – 
туысқандармен бірге Қарамұрын, Нұра, Қырауқамысты паналап, Ақмолаға 
дейін көшкен. Жетімектер бұған дейін Тұздыкөлге, Майқайыңға, Қалқаманға 
барып қыстап қайтып жүрген. Баянауылда Жетімек атты тау бар.
Ортаудың терістігін, Ақтау тауларын және Ақтаудан Манақа өзеніне дейінгі 
кеңістікті қалың Алтай Сайдалы руы жайлап отырды. Желтауды, Тасқоралы 
мен Қабантауды, Көкжартасты, Атығай-Қатпартасты, қазіргі Жамбыл кенішіне 
дейінгі жерлерді негізінен Алсайдың Мұғал, Битті, Баян аталары мекендеді. 
Шажағай өзенінің бойын Нұрбай руы, Үлкен Бүркітті мен Бала Бүркіттінің 
маңын, оңтүстігінде Қоңырқұлжа, Сарықұлжа, шығысында Бөрілі, Шегір, 
Бәйбіше тауларының аралығын, Сарыбалақ көлінің маңайын тарақтылар мен 
қоңыраттар қоныстады. Тарақтылардың бір бөлігі Атасу өзенінің сыртындағы 
Аюлы, Матақты мекен етті. Керегетас пен Тайатқан-Шұнаққа дейінгі 
жерлерді және аталған таулардың маңын Шұбыртпалы мен Қыпшақ рулары 
жайлады. Құтжанның Қаратөбесі мен кіші Қаратөбені, Манабай жартасына 
дейінгі аралықты, Мыңбай сайының сыртын Аралбай руы мекендеді. 
Аралбайлықтар Қалыбек руымен аралас Ақтау бекінісінің шығысындағы 
Жәмші өзенін, Қазансынған, Құлбасты, Аюлы адыр-төбелерін, Өгізтау мен 
Қоңырқұлжа тауларының арасын, Тайатқан-Шұнақтан Бетпақдалаға дейін 


55
жайлады. Аралбайдың Айсадан тараған ұрпағы Айдаһарлы, Бала Айдаһарлы 
тауларының арасын, Атасу өзенінің бойын мекендеген. Кежектен, Таңсұлудан 
тараған ұрпағы және Қалыбек бұтағы Саңғыру, Алабас, Қалмаққырған, 
тауларын қоныстаған.
Бекшелер Атасу өзенінің бойын, Айдаһарлы, Бала Айдаһарлы тауларының 
жазығын жайлаған.
Тұңғатарлар Қызылтасты, Шот өзенінің бойын, Сұлутеректіні мекендеді. 
Тұңғатар ауылдарының старшыны қызметін атқарған Айдар Бапаұлының 
1835 жылғы архив деректері бойынша, қарамағында 70 шаңырақ, 210 еркек, 
280 әйел, 1825 жылқысы, 137 сиыры, 3100 қойы, 215 түйесі болған.
Қырғыздар Үлкен және Кіші Ақмаяны, Даратты, Саңғыруды, Қарабұйратты, 
Зәйімке, Мыржық, Темір өзендерінің бойын басқа рулармен аралас қыстады. 
Темір өзені руы қырғыз Байтемірдің есімімен аталған. Қырғыздар жайлаған 
жерлердің «Зәйімке», «Сәрсенбай», «Шүртебай», «Жиенбет», «Шонай», 
«Әжі-Божы», «Қарабұйрат», «Көп ұста», «Кіші Ақмая», «Балабек», «Шәуеш», 
«Батылай» 
көңдері
деген атаулары бар.
Қылшалының арғы етегінде Құмадыр деген қалың бұйратты жер бар, сол 
жердің сай-сайының бәрі қыстау. Бұл жерлер Шуға көшпей, қалып қойған 
Тама елінің қыстауы болған. Мақажанның Ақжалы, Қарашаның Айнабұлағы, 
Атасу өзеніне дейінгі Шұбар Мақажан байдың құтырған сайы деп аталған. 
Шот өзенінің бойы, Жанайдың ақ төбесі, Исабек, Қылыш, Қаражалдың 
аржағындағы Кедей тауы, Сарысу өзенінің бергі беті Байырдың өзеніне дейін, 
шығыс жағы Бестауға дейін тамалардың жаз жайлайтын жерлері болған.
Ақмола уезінің көлемі ХІХ ғасырда солтүстікте Көкшетау уезінің 
шекарасынан оңтүстікте Шу өзеніне дейін созылды. Батысында – Атбасар, 
шығысында – Семей уезімен шекаралас болды. 1893 жылғы деректер бойынша, 
уезде 139785 адам өмір сүрді. Рулық құрамы негізінен Қуандық тайпасының 
алтай, қарпық, бөріші, темеш бұтақтары болды. Уездің солтүстігінде Есіл, 
Нұра, Сілеңті өзендерінің бойындағы ауылдар егін егумен, шөп шабумен 
айналысты. Жаңаарқа ауданы орналасқан оңтүстік жағы мал өсірумен ғана 
шұғылданды.
Уездің құрамына 20 болыс кірді: Cілеңті, Ақмола, Есіл, Моншақты, 
Қарағаш, Мұңлы, Ереймен, Қараның көлі, Қорғалжын, Сарыөзен, Нілді, 
Сораң, Шу, Ақтау, Атасу, Шерубай-Нұра, Қызылтопырақ, Ортау, Спасск, Нұра. 
Бұл болыстарда 132 ауыл, 25870 шаңырақ болды. Аты аталған болыстардың 
ішінде Ақтау, Мұңлы, Сораң, Атасу болысының негізгі бөлігі Ақтау жерін 
мекендеді.
ХІХ ғасырда Ақтау өңірін мекендеген ру-тайпаларды төре, қуандық, тама 
руларының көрнекті тұлғалары, есімдері ел жадында сақталған би-болыстар 
басқарды. 


56
Қазіргі Жаңаарқа өңіріне қарасты аумақты ХІХ ғ. орта шенінде қандай 
рулар, олардың тармақтары мекендегені Красовский мәліметтерінде толық 
келтірілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет