Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қалқанша безінің гиперфункциясы



Pdf көрінісі
бет249/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қалқанша безінің гиперфункциясы
Диффузды–токсикалық зоб (жемсау) - (Базедов ауруы, Грейвс 
ауры) қалқанша безінің ең көп тараған ауруларының бірі. 
Йодтирониннің концентрациясы 2-5 есе өседі, 
тиреотоксикоз 
дамиды. Жемсау ауруының белгілері
:
1.

Қалқанша бездерінің көлемі ұлғаяды (жемсау).


 
2. Көз шарасынан шығады (бадырақкөз,экзофтальм). 
3. Жүрек соғуы жиілейді (тахикардия). 
4. Тіндік белоктар ыдырауы, дене салмағының азаюы (тәбеті жақсы 
болса да), негізгі алмасулар артады. 
5. Дене температурасы жоғарылайды, терлегіштік тән болады. 
6. Күшті қозады, тез шаршайды, тремор (еріксіз саусақтар дірілдеуі) 
байқалады. 
7. Бұлшықет әлсіздігі байқалады. көмірсу, липид, белоктар 
катаболизмінің және биологиялық тотығу мен тотығудан 
фосфорлану ажырайды, негізгі алмасулардың, йодтирониннің 
жоғары дозасымен стимульденуі қалқанша безі гиперфункциясының 
белгілері болып табылады. [19]. 
Қалқанша безінің гипофункциясы.
Гипотиреоз нәрестеде 
кретинизмді 
дамытады.
 
Кретинизм ауруының белгілері
:
Ақыл-естің 
дамуы қайтымсыз тежеледі; Бойы өсуі тоқтайды; Алмасу 
процестерінің жылдамдығы бірден төмендейді;
 
Гипотиреоз 
ересектерде
микседема 
ауруын
 
тудырады.
 
Оның белгілері:
 
1.Тері, шырышты қабаты, теріасты целлюлозаның ісінуі; 
2. Жүрек соғу ырғағының төмендеуі(брадикардия); 
3. Негізгі алмасулар төмендейді, салдары - семіруге әкеледі; 
4. Жылу алмасудың төмендеуі (дене tº36º төмен, мұздай және 
құрғақ тері, суыққа төзімсіздік); 
5. Ми қызметінің бұзылыстары және психикалық ауытқулар. 
Ағзаға йод жеткіліксіз мөлшерде түсетін болса 
эндемиялық зоб
ауруы пайда болады. Қалқанша бездерінің көлемі компенсаторлы 
ұлғаяды (гиперплазия), бірақ йодтиронин өнімдері көбеймейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет