359
- клеткааралық әрекеттесулерге қатысады.
Алмасуы -
ағзада шамамен 1 кг-ға жуық кальций болады.
Соның ішінде сүйектің жұмсақ тінінде 1кг, жасушадан тыс 14г, 1
күндік тамақпен 1г түсіп отырады. 1 күнде 0,3г сіңіріледі.
Тәуліктік қажетті мөлшері – 800 мг құрайды. Әйелдерге
жүктілік және емізулі кезінде – 1,5 гр қажет.
Кальций – сүт, сүт өнімдері, бұршақ дақылдары, балық,
жұмыртқа, орамжапырақ, көкөністердің жасыл бөліктері
құрамында көп кездеседі. [30].
Кальцийдің жартылай алмасу уақыты ағзада шамамен 6 жылға,
ал қаңқа сүйектерінде 20 жылды құрайды.
Қан плазмасында кальций 3 түрде кездеседі:
1. Диффундирленбейтін белокпен байланысқан, (альбуминмен)
түрі, биологиялық белсенді емес кальций 40%-ын құрайды.
2. Ион түріндегі (бос) 50% болады.
3. Органикалық және бейорганикалық қышқылмен комплексте
болады,
құрамында
аниондар:
фосфаттар,
цитраттар,
карбонаттармен байланысқаны 10%-ды құрайды.
Кальцийдің барлық түрлері қайтымды динамикалық тепе-
теңдікте болады. Тек ион түріндегі кальций физиологиялық белсенді
болады. Организм кальцийдің қалыпты мөлшерден азда болса,
ауытқуына төзімділік танытпайды. [9].
Са
+
деңгейінің төмендеуі жануарларда қозғыштықтың арту
құбылысы байқалады, тіпті тетаникалық құрысулар орын алады.
Қан плазмасында Са
+
-ы концентрациясының жоғарылауы,
бұлшықеттің салдануы мен комаға ұшыратады, бұл өлімге
әкеледі. Са
+
ионы фосфатиондарымен бірге, қан плазмасында,
олардың тұздарының ерігіштік шегіне жақын деңгейде болады.
Сондықтан кальцийдің белоктармен байланысуы тұнба түзілуі және
эктопиялық кальцинация пайда болу мүмкүндігін ескертеді.
Қан плазмасындағы белоктар концентрациясының ауытқуы,
жалпы Са
+
-ионы деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
Кальций организмнен бүйрек (100 мг/тәулігіне ) және ішек
( сілекей, асқазан сөлі, ұйқы безі секрециясы, өт) арқылы шамамен
тәулігіне 750 гр –дай шығарылады. (тәулігіне нәжіспен 0,7г, зәрмен
0,2г, тері -арқылы 0,3 г бөлінеді).
Жалпы, 35 жастан кейін, адамдарда кальцийдің экскрециялануы
артады.
Достарыңызбен бөлісу: