406
қанға түседі және қоздырғыш әсерлері артады. Бұл жағдай бауыр,
ұйқы безі, жүрек инфаркті т.б. ауруларды ажыратуға септігін
тигізеді. Ағзада ферменттердің үш түрі кездеседі: [1].
Секреторлы
ферменттер бауырда түзіліп, қанға шығады,
(холинэстераза, қан ұюына қатысады), диагностикалық мәні аз.
Индикаторлы
ферментер клеткада түзіледі және тек сол
жерде қызметін атқарады. Ауруға шалдыққанда немесе клетка
бұзылғанда қанға түседі, диагностикалық маңызы бар. Мысалы,
ЛДГ-4 және ЛДГ-5 көбейгені бауыр ауырғанын көрсетсе, ЛДГ-1
және ЛДГ-2 көбейгені жүрек ауырғанын білдіреді. АЛТ-ның
активтілігі ұлғайса – гепатит, КФК-ның активтілігі артса жүрек
инфарктысын дәлелдеуге болады. [9].
Экскреторлы ферменттер
бауырда синтезделеді, өт арқылы
сыртқа бөлініп шығарылады. Патологиялық процестерде олардың
өттен бөлінуі бұзылады, қандағы активтілігі жоғарылайды. Бұның
диагностикалық мәні бар. Экскреторлы ферменттерге сілтілі
фосфатаза, лейцинаминопептидаза жатады.
Трипсиннің
ингибиторлары
-1 және
-2 глобулиндермен
қозғалатын белоктар, трипсинді және белоктарды ыдырататын басқа
ферменттердің активтілігін тежейді. Қалыпты жағдайдағы мөлшері
2,0-2,5 г/л, қабыну жағдайында екі қабат әйелдердің қанында
мөлшері артады..
Достарыңызбен бөлісу: