425
артериялар арқылы бірқалыпты периферияға қарай және вена
арқылы – кері жүрекке қарай жылжуы қажет. Оның жолындағы кез
келген кедергілер, мысалы, атеросклеротикалық бляшкалар,
тромбылар немесе қан тамырының зақымдануы денсаулыққа және
өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Қанның әрбір клеткаға кедергісіз енуін
қамтамасыз ету арқылы, күрделі гемостаз жүйесі
кедергілердің
қалыптасуына жол бермейді. Ежелгі грек тілінен аударғанда
гемостаз « қанды тоқтату» деген мағына береді екен. Қан тұйық
жүйеде қысымның әсерінен айналады.
Гемостаз жүйесі
– ағзаның қорғаныс жүйелерінің бірі ретінде,
қан тамырлары арнасында қанды сұйық күйінде ұстап тұрады және
қан тамырлары жарақаттанған жағдайда, сол аймақта тромбтардың
түзілуін қамтамасыз ету арқылы, қан ағуды тоқтатады, осылайша
қанның ұю және қанның ұюына қарсы белсенділіктің арсындағы
балансты сақтайды. [5].
Қан тамырының бүтіндігі бұзылса, автоматты түрде, гемостаз
жұмысқа кіріседі. Жарақаттың үлкен – кішілігі маңызды болмайды,
тіпті кішкентай сызаттың пайда болуынан, бүкіл қан ұю
бағдарламасы толығымен іске қосылады.
Ертеден жарақаттанған аумақта қанның ұйып, ұйынды түзетіні
белгілі. 1872 ж. А.А.Шмидт алғашқы қан ұю процесінің ғылыми
теориясын тапқан болатын.
Қанның ұюы біртіндеп жүреді және үш сатыдан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: