461
Металлопротеиназалардың
активтенуі атеросклероз және
түйіндердің ажырауына байланысты. Олардың активтенуіне
плазмин, трипсин, калликреин қажет. Дәнекер тіндерінің
клеткааралық белокты-көмірсулы кешендері бірнеше күннен
(терінің протеогликандары) бірнеше айға дейін (терінің жетілген
коллагендері) өмір сүреді. [34].
Протеогликандардың белокты компоненттері әртүрлі болады
және олардың дәнекер тіндердің фибриллярлы белоктары коллаген
мен эластинге ұқсамайды.
12.6. Гликозаминогликандардың метаболизмі
Гликозаминоглкан биосинтезі
гиалурон қышқылы құрамына
кіретін глюкозамин мен глюкурон қышқылы, D-глюкозадан
синтезделеді. Гиалурон қышқылының тікелей ізашары ретінде,
УДФ-нуклеотидтердің туындылары глюкурон қышқылы және
N-ацетилглюкозаминдер қатысады.
Сульфаттанған ГАГ-тардағы сияқты, гиалурон қышқылы
көмірсу қалдықтарының ізашары D-глюкоза болып табылады. Әрі
қарай, глюкозаминдерің галактозаминдерге эпимеризациялануы
жүреді, ал глюкурон қышқылдары дерматан-сульфаттардың синтезі
кезінде идурон қышқылдарына айналады. [4].
Бұл қосылыстардың нуклеотидті туындылары сульфаттанған
гликозаминогликандардың биосинтезі кезінде, кәдеге жаратылады,
сульфат 3
'
– фосфоаденозин-5
'
- фосфосульфат (ФАФС) түрінде
ГАГ-тардың синтезіне қосылады. ГАГ-тардың биосинтезі
процесіне көптеген ферменттермен қатар трансферазалар қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: