Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет380/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қызыл иек сұйықтығы.
Қызыл иек ойығындағы сұйықтық- қызыл иек сұйықтығы 
депаталады. Ауыз қуысына тәулігіне 0,5-2,5мл қызыл иек 
сұйықтығы түседі, оның құрамында эпителий клеткалары, 
лейкоциттер, микроорганизмдер және олардың ыдырау өнімдері, 
белоктар, ферменттер кездеседі. 
Сау пародонты бар адамдарда қызыл иек сұйықтығы қан 
плазмасмының транссудаты болып табылады. Гингивальды 
сұйықтықтың микробтық құрамы тіс қағының микробтық құрамына 
ұқсас келеді. Гингивальды сұйықтықта кездесетін ферменттер 
шырышты эпителийде де, қан плазмасында да, кездеседі.
Лейкоциттер ауыз қуысына қызыл иектің ойығы арқылы енеді. 
Гингивальды каналдан бөлшектерді механикалық жолмен 
алып тастау арқылы, осы аймақта тастардың пайда болуына жол 
бермейді. Пародонттың зақымдануы кезінде, гингивиальды 
сұйықтық осмостық экссудацияға байланысты пайда болады.
Нәтижесінде, оның құрамында бактериялардың метаболизм өнімдері 
мен тіс қағы компоненттері табылады. 
Аутоиммундық процестердің дамуына себепші, кейіннен 
тістердегі байламдық аппараттың бұзылуына әкелетін қабыну 
процестері 
гингивальды 
сұйықтықтығының 
продуценттері 
тіндерімен байланысты болады. [34]. 
Тіс ликворы.
Тіс тіндерінің барлық бос жерлерін толтыратын сұйықтық тіс 
ликворы деп аталады. Тіс ликворы арқылы тіс тіндеріне қажетті 
қоректік заттар түседі. Тіс ликворынвың құрамы тіс сұйықтығын 
алу кезінде зерттелді. Бұл сұйықтықтың құрамында 92 мг/л 
кальций тұздары, 42 мг/л фосфаттар және 28 мг/л хлоридтер бар. Тіс 
ликворының белокты құрамы қан плазмасы белоктары спектрлеріне 
ұқсайды. Мұндай сұйықтықтың ағыны эмальға қарай 4 мм/сағ 
жылдамдықпен қозғалады. Ауырсыну сезімі қызыл иек 
сұйықтығының қозғалу жылдамдығының өзгеруімен байланысты.
 


486 
Эмальда гидроксиапатит кристалдары эмаль сұйықтығына ұсақ 
органикалық молекулалар мен минералды тұз иондары өтетін 
молекулалық түтік түзеді. Жас ұлғайған сайын эмальдың беткі 
қабаттарындағы сұйықтықтың мөлшері азаяды. [34]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет