«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет35/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Қазақтардың алғыфилософиясы
(протофилософиясы) 
 
Қазақтардың 
алғыфилософиясы. 
Қазақтардың 
философиялық 
дүниетанымының қалыптасу алғышарттары. Қазақстан территориясында 
ежелгі 
мәдениет 
формаларының 
қалыптасуы 
және 
алмасуы. 
Протоқазақтардың алғыфилософиясы (протофилософиясы). Андрондық және 
Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің құрылымындағы көзқарастық элементтер. 
Протоқазақтардың дәстүрлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. 
Қазақтардың өзіндік философиялық көзқарасының қалыптасуына көрші 
өркениеттердің әсері.
Көшпелі өмір салтының 
негізгі 
сипаттамалары: 
табиғатпен 
біртұтастық, үздіксіз жаңару мен қозғалысқа ұмтылыс, ой еркіндігі,
адамгершілікті жоғары қою. Қазақ халқының философиялық ойлауының 
вербалды-дискурстік сипаты.
Қазақтардың философиялық дүниетанымының негізгі категориялары: 
«дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қанағат», «кісілік», 
«ізгілік», «жақсылық», «жамандық», «бақыт». 
Ежелгі Шығыс философиясы 
Ежелгі Шығыс философиясының әлемдік философиядағы орны. 
Руханилықтың шығыстық дәстүрі – ежелгі Шығыс философиясының ерекше 
белгісі. 
 
Веда 
мәдениетінің 
аясында 
ежелгі 
Үнді 
философиясының 
қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы 
алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар – 
Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың 
элементтері. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес 
философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Әрбір адамның өздігінше 
адамгершілікті тұлға болып қалыптаса алу қабілетін жария ету. Адам рухын 
сыртқы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының адамзат 
ақыл-ойына ықпалы.


39 
Қытай философиясының прагматикалық сипаты.Қытай жазуының 
ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» – Қытай философиясының 
бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік – ежелгі Қытай 
философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-
цзы, дао, ди, инь и ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының 
заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Конфуций ілімі –этикалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік 
саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері 
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының 
рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалық-саяси идеялары. Қытай 
практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм 
адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту 
туралы.
Ғылыми білімнің қалыптасуы – ежелгі Египетте философиялық ой 
дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер 
кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл 
әлемнің ғылымына, философиясына әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет