«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Ғылыми танымның логикасы мен әдіснамасы



Pdf көрінісі
бет79/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Ғылыми танымның логикасы мен әдіснамасы 


85 
Ғылыми таным және оның негізгі сипаты мен белгілері: 
дәлелденгендік, рационалдылық, жүйелілік әдіснамалық негізді түйсінушілік, 
ғылым тіліне мамандану, обьективті ақиқатқа бағдарлану жоғары құндылық 
ретінде. Жеке обьектілерді тану және шын өмірдің заңдарын тану.
Ғылым адамзат қызметінің тарихи қордаланған формасы, рухани 
мәдениеттің элементі мен дамушы білімдердің жүйесі. Ғылымның пайда 
болуының шарты мен себептері, оның дамуының заңдылығы. 
Ғылыми білімнің өсуінің тұжырымдамалары. К.Поппердің ғылыми 
білімнің өсуі теориясы. Т.Кунның парадигмалар теориясы. Л. Лакатостың 
ғылыми зерттеу бағдарламасы. П.Фейерабендтің танымдық анархизм 
теориясы.
Ғылымның мазмұны. Ғылымның эмпирикалық, теориялық және 
дүниеге көзқарастық негіздері мен компоненттері. Ғылым классификациясы.
Жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар; олардың 
мазмұны мен айырма ерекшеліктері. Іргелі және қолданбалы ғылымдар. 
Қоғамдық ғылымдардың (гуманитарлық) өзіндік ерекшеліктері. Әлеуметтік 
таным обьектісінің саналы сипаты. Әлеуметтік танымның құндылықтарға 
тәуелділігі. Қоғамдағы ғылымның негізгі қызметтері: танымдық, дүниеге 
көзқарастық, өндірістік-тәжірибелік және әлеуметтік. Ғылым – қоғамның
өндіргіш күші. Сциентизм және антисциентизм. Ғалымның моральдық және 
заңдық жауапкершілігі.
Ғылыми таным үдерісіндегі ғылыми әдістердің рөлі. Әдіс білімдер 
жүйесін негіздеу мен құру тәсілі. Таным әдістерін классификациялау: а) 
таным үдерісіндегі шекаралық қолдану (жалпы, жалпы ғылыми және жеке 
ғылыми); (б) таным деңгейлері бойынша (эмпирикалық және теориялық 
әдістер). Эмпирикалық және теориялық әдістердің құқық қорғау, жедел-
іздестіру қызметтеріндегі бірлігі.
Ғылыми бақылау әдісіне қойылатын негізгі талаптар. Танымдағы 
байқаудың функциялары. Өлшеу әдісі мен оның танымдық маңызы. 
Эсперименттің обьектіні игерудегі басымдықтары. Эксперименттің түрлері. 
Абстракциялау әдісінің танымдық әдісі. Абстракцияның түрлері 
(сәйкестендіру абстракциясы, оқшаулаған абстракция, құрылымдау 
абстракциясы). Анализ бен синтез, дедукция мен индукция танымның 
әдістері ретінде. Модельдеу әдісінің мәні мен эвристикалық мағынасы. 
Модельдеудің түрлері (миатериалдық және идеалдық). Зерттеудің 
математикалық әдістері. Тарихилық пен логикалықтың бірлігі әдісі. 
Абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі. Зерттеудің жүйелілік әдісі.
Ғылыми танымның формалары (ұғым, категория, заң, проблема, идея, 
гипотеза, теория). Ғылыми танымның негізгі кезеңдері. Құқық қорғау 
органдары тәжірибесіндегі ғылыми танымды қолдану мүмкіндіктері.


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет