һ
әрпін
х
-мен беруге,
қ,
ғ
фонемаларын
г,
к
әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал
ог,
уг,
к
-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (
полктік,
педагогке
) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі
қ/ғ,
к/г
алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін
орыс тіліндегі баламасының жазылуына қарап анықтаудың
қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны
қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді.
Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 III)
осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден
һ
әрпін
алып тастауды,
әліпби тәртібін өзгертуді,
ый, ій, ұу, үу
қосарын
и,
у
таңбаларымен беруді қабылдайды.
Бірақ С.
Аманжолов
керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына
арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр
ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша,
ә
әрпінің қызметін
я
әрпі де атқара алады (
Куляш,
сіря,
Жамиля)
;
к, г
-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп
жазбау
ақкөңіл,
асырасілтеу
сияқты сөздерді бірге жазу уәжді.
Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |