Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет21/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

графикалық лингвистика
деп аталды.
 
А.А.Волков
 
жалпы жа-
зуды
грамматология
зерттейді деді.
Грамматология
терминін
алғаш қолданған Дж.Гельб грамматологияның үш бөлімін
көрсетті:
субграфемика,
графемика,
параграфемика
. Автор
грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты. Оның
ізімен А.М.Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын,
жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу пато-
логиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді.
Жазба тілге байланысты кеңестік тіл білімінде
А.А.Волковтың “Грамматология” (1982) және Т.А.Амированың
мақалалары мен “К истории и теории графемики” (1977),
“Функциональная взаи-мосвязь письменного и звукового
языка” (1985) деген еңбектері бар.
Жазудың автономдығы туралы ғылыми көзқарасты қалып-
тастырған Прага лингвистикалық мектебінің өкілі
Й.Вахек
болды. Автор Ф.де Соссюрдің тіл мен сөз тұжырымына сәйкес,
жазба тілмен 
жазба сөз
болады. Жазба сөзде пайда болған бір-
ліктер мен құрылымдар қайталана келе жазба тілдің нормасына
айналады деді. Графиканы ауызша сөзді қағазға түсіруге
қажетті жазба таңбалардың инвентарі (terminustechnicus) десе,
орфогра-фияны жазба тіл мен ауызша тіл аралығындағы көпір,
екі жүйе элементтерінің сәйкестік жиынтығы деді.
Жазба тіл деп белгілі бір ұжым ішінде норма саналған
графикалық тәсілдер жүйесін түсінеміз. Ал жазба сөз деп осы
норманың жекелеген нақты реализациясын айтамыз, күнделікті
өмірде біз жазба сөзді кездестіреміз деді. Тілді әмбебап тілдік
норма деп атады да, оның ауызша және жазба нормасы бар деп
бөлді. Егер бір нормадан екінші нормаға ауысу оңай болса,
онда екі норма бір-біріне жақын, ондайда тілдің әмбебап
нормасын да жақсы байқауға болады деді.
Жазу ауызша тілге табан тірегенмен, дербестікке ұмтылумен
келеді, ол таңбалардың таңбасы емес, заттың таңбасы. Й.Вахек әр
адамның сөйлеу мәнері, сазы, тембрі болатыны сияқты әр
адамның жазуы да әр басқа, ал баспа тілі бұл жағынан бейтарап,
анық, толыққанды, онда ой ең соңғы нүктесіне дейін толымды
беріледі деп, жазба тілмен баспа тілінің арасын айырды және
жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті. Жазба тіл-де
ойды беру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады деп, оларға
жайлап, дауысын бәсеңдетіп айтты; дауысын көтеріп
деген
суреттеулерді мысалға келтірді. Бұл жазба тәсілдің жетілме-
гендігін емес, дербестігін көрсетеді, ол ауызша нормада абзац
табиғатының беріле алмауымен бірдей деді. Қос нүкте орны-на
ауызша нормада “ол былай болады”, “ол мынау ғой” деген
сияқты сөздер керек. Сондықтан жазуы жоқ тілде акустикалық
субстанция көзге еленбейді, көлеңкеде қалады, ол жоқ сияқты
болады, егер сол тілде жазу пайда болса, осыған дейін білінбе-
ген тілдік субстанция белгілі дәрежеде байқала бастайды деді.
Ч.Лоукотка 
француз бен ағылшын тілдерінде жазу ауызша
тіл жүйесінің сызба нобайын ғана береді, екі тіл бір-біріне әсер
ете алмай келе жатыр деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет