ағам айтады. Азапты да көп көрдім. Таңертең 5-те тұрып
алып сиырды қосып, кешке дейін жұмыста тұрамын. Талай
(жесір) әйелдердің жағдайын әкімшілікке айтып, көмек алып
бердім.
Міне, жазба тіл жүйесіне кодталған ауызша тіл құрылымы
үлкен өзгеріске ұшырағанын көріп отырмыз. Мәтін ұлғайып,
редукцияланған элементтер қалпына келтірілді. Мәтін
мазмұнына бәлендей мән үстемесе де,
Қытайда
–
Қытай
жерінде, кедей шаруада – кедей шаруа отбасында, Павлодарға
– Павлодар қаласына, 5 кластық – 5 жылдық
деген имплицитті
тұлғалар жазба тілдің нормасына салынды. Мәтін көзбен көру-
оқу процесіне бағышталғандықтан, ауызша тілдегі интонация
дауыс тоны, конситуация жазба тілде осындай “басы артық”
элементтермен компенсацияланады. Мәтін жазба тіл жүйесінен
үлкен алшақтықта жатыр. Сөйленімді жазба тілге толықтай
код-тау мүмкіндігі аз, дегенмен кодтауға болады.
Сөйтіп, жазба тілді төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде
тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз болады, жазба тілді
орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде жазба
тілдің жүйесі де, ауызша тілдің элементтері де қолданылады.
Сөйлемдер қысқа емес, толымды келгенмен синтаксистік
байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. Ал жазба тілдің елесі
мен ауызша тіл елесімен қатар, тіпті алдыңғысы басым
орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады. Басы артық
сөйленістер болмайды. Логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе
сәйкес келеді деген қорытындыға келеміз. Қазіргі БАҚ-тың
барлық бағдарламаларының мәтіндері жазба тілде құрылады.
Сұқбат түріндегі бағдарламаның жүргізушісі де өз сөзін ал-
дымен жазба тілде құрып алады. Қазір сөйлеуді қабылдайтын
аудиторияның перцепциясы да жазба тіл жүйесін түсінуге бет
бұрды. Әйтпегенде қазақтілді бағдарламалардың егемендік
алған 1993-1997 жж. алғашқы түрлері қазақ аудиториясы үшін
ауыр қабылданатын еді.
Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан, біздің ойымызша, тілдік
жүйе мен норма жазба тіл жүйесі мен нормасына сай келеді.
Қ.Күдеринованың «Қазақ жазуының теориялық
негіздері» (2010 ж.) монографиясынан алынды.
Достарыңызбен бөлісу: