183
адам санасында қорытылуы. Еліктеуіштердің ең үлкен ерекшелігі көп
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды я жағымсыз екендігі,
сонымен қатар эмоцияның деңгейі бірден белгілі
болады. Еліктеуіштер
бейнелі сөздердің қайнар көзі. Хабарлау, ақпарат беру мақсатында
қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш негізді я болмаса
еліктеуішпен тіркесу арқылы жасалған етістіктерді қолдану сөйлемнің
эмоционалды
-
экспрессивтік бояуын күшейтеді. Дербес мағыналы бір
негізді етістіктермен тіркескенде эмоцияның сын
-
сипатын, қалай
жасалғандығын білдіреді. Дыбыстық еліктеуіштер көп жағдайда
жылау, күлу сияқты эмоциялардың дыбыстық тұрғыдағы сипатын
білдіреді. Еліктеуіш сөздердің ойды дәл, қысқа, анық жеткізуде де
өзіндік орны бар.
Достарыңызбен бөлісу: