қуыстана береді
(С. Мұратбеков).
Ұзақ осы тұста ғана
қатты қысылды
(С. Мұратбеков).
«Апырай, әкем байғұс
жер боп қалды
-
ау,ә», –
деп қойды ішінен
(С. Мұратбеков).
Сөйлемдерде қолданылған
ұялу, қымсыну, қуыстану, қысылу, жер
болу
эмотивтерінің арасында логикалық бірлік бар. Ортақ мағына –
істелген іс
-
әрекет, айтылған сөз т.б. байланысты жайсыз психология
-
лық күйді бастан кешіру. Бір синонимдік қатарға кіріп отырған
ұялу,
қымсыну, қуыстану, қысылу, жер болу
эмотивтері мағыналық
жағынан жақын болғанымен, қолданысы жағынан бірдей емес. Бұлар
эмоционалдылық тұрғысынан алғанда дәрежесі жағынан бірдей емес.
Ұялу
эмотивінің эмоционалды деңгейі орта, стильдік мәні негізінен
бейтарап,
қымсыну
эмотивінің эмоционалдық деңгейі төмен, гендерлік
сипаты басым, негізінен әйел адамдарға қатысты қолданылады,
қуыстану
мен
қысылу
эмотивтерінің эмоционалды деңгейі орта, ал
жер болу
эмотивінің деңгейі жоғары.
Белгілі бір іс
-
әрекетке, процеске немесе айтылған сөзге т.б. қатыс
-
ты туған жағымды эмоцияны білдіретін
ұнату
эмотивінің синонимдік
қатарына
көңілі құлау, есі кету
т.б. тілдік бірліктерді жатқызуға
болады. Мысалы,
Әйтсе де кітабының басынан бір
-
екі жол оқыған соң
ұнап кетті
білем, көзі жайнап
аттан түсе қалды (Ж. Аймауытов)
.
Отардың
Достарыңызбен бөлісу: |