24
өз еңбегіне сай қажетті тауарлармен жəне азық-түлікпен қамтамасыз
етілуі қажет. Алайда осындай оптимумды қамтамасыз ету үшін олар
контрацептивтерді кеңінен қолдану, туылу оқиғаларын барынша
азайту, соғыс қимылдарын қолданып, өлім деңгейін арттыру сияқты
антигумандық əдістерді ұсынады. Соңғы кездерде синтетикалық не-
месе əмбебап теориялар қоғамдық денсаулық саласында жиі қолданыс
таба бастады. Олардың қатарына қоғамдық жүйелер мен денсаулық
сақтаудың конвергенциялық теориясы жатады. Бұл теория əлеуметтік
жүйеде жоспарлау, мемлекеттік реттеу, бағдарламалау, маркетинг, ме-
неджмент, заманауи индустриалдық технология, саяси технология
сияқты қоғамдық механизмдерді пайдалану қажеттігін ұсынады. Бұл
механизмдер қоғамда əлеуметтік гармония қалыптастырып, ғылыми-
техникалық дамуды жылдамдатады деп есептейді. Басқаша айтқанда,
денсаулық сақтау саласында тұрғындардың сұранысы мен мемлекеттің
экономикалық шамасына тура келетін медицина жүйесін қалыптастыру
қажеттігін дəлелдейді.
Осы бағыттағы екінші концепция «Адамдар капиталы» деп атала-
ды. Бұл теорияны ұстанушылар, оның ішінде дүниежүзілік денсаулық
сақтау Ұйымы (ДДСҰ) адам денсаулығына жəне медицина саласына
қаржыны аяуға болмайды деп есептейді. Денсаулыққа кеткен қаржылай
шығын үлкен экономикалық тиімділікпен қайтады. Қоғамның одан
ары дамуына алып келеді. Керісінше, алды алынбаған аурушаңдық,
мүгедектік жəне ерте жастан өлім оқиғалары мемлекетке орасан зор
шығын келтіреді.
Медицинаның детерминациялық теориясы патологиялық үдеріс-
тердің дамуына алып келетін механизмдерді, денсаулықты сақтауға
жəне қалыптастыруға байланысты заңдылықтарды біріктіре қарайтын
бағыт болып табылады. Бұл теория бойынша барлық стрессорлар
бір-бірімен тығыз байланыста жəне реактивті детерминация заңы
бойынша əсер етеді деп түсіндіреді. Детерминацияның негізгі əсер
ету бағытына қарай гомеостатикалық, эволюциялық, экологиялық,
психосоматикалық, реактивтік детерминизм деп жіктеледі. Аты аталған
теориялар денсаулық сақтау саласындағы барлық теорияларды қамти
қоймайды. Олар тек ең жиі қолданылатын теориялар болып табыла-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: