Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


-тарау.  АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет79/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

8-тарау
АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Тұрғындардың денсаулығын сақтау жəне оны күшейту – бұл 
қоғамның жəне əрбір адамның денсаулыққа зиянды əсер ететін 
себептерді бақылауға алуына мүмкіндікті күшейту үдерісі болып табы-
лады. Тек осы жағдай тұрғындардың денсаулығын күшейтуде тұрақты 
жетістіктерге жетуге жол ашады. Осы жерде, денсаулыққа көңіл 
бөлуді күшейту жөнінде шешім қабылдайтын тұлғалардың сенімділігі, 
тұрғындардың өз денсаулығын өзгертуге деген бет бұрысы жəне 
сауықтыру шараларын жүзеге асыруға қажетті қорлардың жеткілікті 
бөлінуі ерекше рөл атқарады. Оның барлығы аурудың алдын алудың 
қазіргі кездегі өзекті мəселелері болып табылады. 
Заманымыздың беделді ғалымдары, философтары, дəрігерлері, 
социологтары адамдардың денсаулығының қалыптасуына əлеуметтік 
қатынастар, қоршаған орта себептері жəне өмір сүру салты 
себептері шешуші əсерін тигізеді деп есептейді. Осының дəлелі 
ретінде ғалымдардың заманауи зерттеу нəтижелерін келтіруге бо-
лады. Тұрғындардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі себеп-
тер төрт топқа жіктеледі. Оның ішінде, əлеуметтік-экономикалық, 
қоршаған орта, биологиялық жəне өмір сүру салты себептері бар. Осы 
төрт себептің ішінде өмір сүру салты себептері ерекше орын алады. 
Қазіргі таңда қоршаған орта себептері денсаулықтың қалыптасуына 
əсер ету қуаты жағынан бірте-бірте басыңқы күшке ие бола бастады. 
Биологиялық себептердің денсаулыққа əсер ету күші бірыңғай деңгейде 
қалып отыр жəне денсаулық көрсеткіштерінің көлеміндегі алатын үлес 
салмағы 15-20 %-дан төмендеген емес.
Денсаулықтың түзелуіндегі денсаулық сақтау жүйесі қызметінің 
алатын үлесі 10-15%-дан аспайды. Осы қағидалардың дұрыстығы 
кешенді əлеуметтік-гигиеналық жəне клиникалық зерттеулер 
нəтижесінде де дəлелденді. Сондықтан да Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы сарапшылары қоғамның денсаулығын сауықтыруда 
тұрғындардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға деген 
көзқарасы ерекше рөл атқарады деп есептейді. Орыстың атақты, 
дүниежүзіне əйгілі ғалымы, академик Юрий Павлович Лисицыннің ай-
туынша, егер əрбір тұлға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамаса, 
онда адамдардың денсаулығын сақтауға ешқандай да жоғары техно-
логиялар көмектесе алмайды. Себебі денсаулық адамның өмір сүру 
салтына тікелей байланысты. Ал, осы қатерлі себептердің алдын алу 
шараларын белсенді жүргізу қазіргі сауықтыру жұмыстарының негізін 
құрайтындығын əрбір медицина қызметкері жақсы білуі жəне жүзеге 
асыра алуы қажет. 
Алдын алу медицина саласында профилактика деген ұғымды береді. 
Денсаулық сақтау саласында алдын-алу əлеуметтік-профилактикалық 


236
мағынаға ие. Осы бағытта жүзеге асырылған профилактикалық шара-
лар тұрғындардың денсаулық сапасын айтарлықтай жоғары деңгейге 
көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет