Нуржігіт Алтынбеков
шығып пульпаға енеді де жалғасы пульпалық артериялар деп аталады, олар артерия
жанында екі қатар орналасқан Т-лимфоциттерден тұратын лимфатәрізді муфталармен
қоршалған, ал пульпалық артериялар орталық артерияларға бөлінеді, оларда лимфатәрізді
түйіншелер орналасқан. Лимфатәрізді түйіншелерден шығысымен орталық артериялар
бірнеше қылқаламтәрізді (кисточковые) артериолдарға (arteriolae penicillaris) бөлінеді.
Қылқаламтәрізді артериолдардың дистальды ұштарында, нақтылап айтқанда
макрофагты-лимфатәрізді эллипстік муфталар орналасқан.
Қылқаламтәрізді артериялар прекапиллярларға жалғасады, ал олар веналық
қуыстарға ашылатын капиллярлармен бітеді. Веналық қуыстарда қан ағысы баяулайды да
жинақтаушы венулаларға өтеді. Жинақтаушы веналар пульпа веналарына, ал олар өз
ретінде қалқалық веналарға жалғасады. Қалқалық веналар арқылы веналық қан көкбауыр
венасына ашылады. Көкбауыр венасы бауырдың қақпа венасының бір құйылымы болып
табылады да онымен көкбауырдан веналық қан бауырға ағады.
Веналық қуыстардың кіретін және шығатын шеттерінде жинақтаушы қуысқа өтетін
аймақтарында қысқыштар (сфинктр) орналасқан. Олардың қызметі жиырылулары арқылы
қанды көп мөлшерде өздерінде ұстай алады.
Knisley кварцты сәулелерді қолдану арқылы веналық қуыстардың қысқыштарының
жиырылуы мен босаңсынуына байланысты веналық қуыстық қанға толу деңгейімен
пішіндерін анықтады, ол оны кезеңдер деп атады.Қысқыштардың екеуі де босаңсығанда
қуыстар тарылады, бұл «өткізу» кезеңі, шығу қысқышы жиырылып, ал кіру қысқыш
босаңсығанды «толтыру» - сүзу (фильтрация) кезеңі деп аталады, бұл кезде қуыстар
қабырғалары арқылы эритроциттер өте алмайды, бірақ айналасын да орналасқан қызыл
пульпаға плазманы өткізеді. Егер веналық қуыс эритроциттерге толып және шығу
қысқышы жиырылыста болса онда келесі «жиналу» кезеңі басталады. Егер екі
қысқыштарда ашық болса эритроциттер қан ағынына түседі бұл «босану», «босау» кезеңі.
Капиллярлармен жинақтаушы веналарды бір-бірімен тікелей байланыстыратын жанама
қантамырлар бар, оларды «байланыстырушылар» деп атайды, ол жедел жағдайда, не
болмаса көп қан жоғалтқанда веналық қуыстарды жанап өтіп орталық қантамырларға
қанды тікелей өткізеді.
Жоғарыда аталған қылқаламтәрізді артериялардың тікелей веналық қуыстарға
ашылуын «тұйықталған» айналым жүйесі немесе микроайналымның тұйықталған түрі деп
аталады. Бұдан басқа «тұйықталмаған» айналым жүйесі туралы да жорамал бар. Олардың