Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет275/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Қысқа тармақтары. 
Бұлшықеттік тармақтар 
(L
1
-S
2
) алмұрттәрізді, ішкі жапқыш, 
егіздер бұлшықетіне және санның шаршы бұлшықетіне барады. 
Жоғарғы бөксе нерві 
(n.gluteus superior) (L
4
-S
1
) жамбас қуысынан үлкен шонданай 
тесігінің алмұртүстілік кеңістігінен шығып, кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттері мен жалпақ 
шандырды керетін бұлшықетті нервтендіреді. 


312 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Төменгі бөксе нерві 
(n.gluteus inferior) (L
5
-S
2
) кіші жамбас астауынан алмұртасты 
кеңістік арқылы шығып, үлкен бөксе бұлшықеті мен ұршық буынының капсуласын 
нервтендіреді. 
Жыныс нерві 
(n.pudendus) (S
1
-S
4
) кіші жамбас астауынан алмұртүстілік кеңістік арқылы 
шығып, шонданай қырқасын айналып өтіп, foramen ischiadicum minus арқылы өтіп, шонданай- 
тік ішектік шұңқырға барып, шонданай төмпесі тұсында келесі нервтерге бөлінеді: шат 
нервтері (nn.perineales) - шонданай-үңгір, буылтық-кеуек және шаттың беткей көлденең 
бұлшықеттерін нервтендіріп, шаттың сәйкес жағының терісіне тармақ береді; жыныс 
мүшесінің дорсалды нерві (n.dorsalis penis) – шаттың терең көлденең бұлшықетіне, несеп 
шығаратын өзектің сыртқы тесігінің қабырғасына, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) басы 
мен денесінің терісіне тармақ береді; тік ішектің төменгі нервтері (nn.rectales inferiores) – тік 
ішектің төменгі бөлігіне, артқы өтістің сыртқы қысқышына және артқы өтіс айналасының 
терісіне тармақ береді. 
Ұзын тармақтары. 
Санның артқы терілік нерві 
(n.cutaneus femoris posterior) 
жамбастан алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, төмен бағытталады да, санның артқы 
бетінің терісін нервтендіреді. Оның медиалды жағынан бөксе терісіне бөксенің төменгі 
нервтері (nn.gluteus inferiores), шат терісіне шат тармақтары (rami perineales) шығады. 
Шонданай нерві 
(n.ischiadicus) (L
4
-S
3
) адам денесіндегі ең ірі нерв. Кіші жамбас 
қуысынан алдыңғы нервпен бірге алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, санның артқы топ 
бұлшықеттерінің арасымен a.comitans-пен бірге төмен бағытталып, аталған топ бұлшықеттерін 
нервтендіреді. Жоғарынан шонданай төмпесінің ортасы мен үлкен ұршық ұшын қосатын, 
төменінен ортан жілік айдаршықтарының арасындағы нүктеде жүргізілетін сызықтарда 
проекцияланады. Бөксе қатпарынан төмен 2-3 см аралығында шонданай нерві беткей 
орналасады, бұл нервтің пальпациясы үшін қолданылады. Санның жоғарғы және ортаңғы 
үштен бір бөлігінің шекарасында (жиі одан жоғары) шонданай нерві жалпы кіші жіліншік және 
асықты жілік нервтеріне бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет